457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚТЖ қызметкерлерінің шағымынан кейін тексеріс бастады

ҚТЖ ұлттық компаниясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған Бейнеу станциясы жол дистанциясы қызметкерлерінің бейнеүндеуінен кейін қызметтік тексеріс жүргізетін болды

ҚТЖ ұлттық компаниясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған Бейнеу станциясы жол дистанциясы қызметкерлерінің бейнеүндеуінен кейін қызметтік тексеріс жүргізетін болды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада теміржолшылар бөгде адамдардың ішкі жұмысқа араласуына және Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің басшылығына қатысты шағым айтқан.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай қызметкерлер мен аймақтық бөлімше басшылығы арасындағы түсініспеушіліктен туындаған тұрмыстық сипаттағы мәселе.

Компанияның хабарлауынша, оқиғаны жан-жақты және әділ зерттеу үшін ҚТЖ орталық аппараты мен магистральдық желі дирекциясынан арнайы жұмыс тобы Маңғыстау өңіріне барады. Сарапшылар бейнеүндеуде айтылған деректерді тексеріп, тиісті баға береді.

«Компания басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес еңбек заңнамасы мен ішкі нормативтік актілерге сай шешімдер қабылданады», – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Айта кетейік, биыл тамыз айында да Маңғыстау – Ақтөбе бағытында жүретін пойыздардың жолсеріктері жұмыс жағдайына шағымданып, ашық үндеу жариялаған болатын.

Фото: видеодан кадр