Карантин мамыр айына дейін ұзарды

Malim Админ

  • 10.04.2020

Елімізде коронавирусқа байланысты карантин уақыты мамыр айына дейін созылды. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы», - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ.

Президент төрағалығымен өткен онлайн жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары қатысты.

Ресми мәлімет бойынша коронавирусқа  802 адам шалдықса, 63 адам сауықты. 9 адам дүние салды.
Фото: ainews.kz

 

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Елімізде лингвистика ғылым ретінде тоқырауға ұшырады – Қанағат Жүкешев

28.04.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Елімізде лингвистика ғылым ретінде тоқырауға ұшырады – Қанағат Жүкешев

​​​​​​​Осындай келеңсіздіктерді аңғара алған, аздаған ғалым соққыға ұшырады. Оларға «жергілікті тілдерді дамытудың перспективасыз екендігі, Компартияның тіл саясатына қарсы шығуға болмайтыны» ескертілді.

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?