Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Оқиға
Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Алматы облысының Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасы расталды. Осыған байланысты Үлкен Ақсуда карантин жарияланды.

Бүгін бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды. Зерттеу бойынша екі бас ірі қара малдан алынған сынамадан сібір жарасы анықталды. 

Енді елдімекенге жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды.

Аумақтық ветеринариялық инспекция ветеринариялық дәрігерлермен бірлесіп үй-үйді аралап, жануарларды тексеріп, вакцинация жүргізіп жатыр. Тұрғындармен карантинге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Үлкен Ақсуға жою шараларымен қатар дезинфекция жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің эпизоотияға қарсы отряды жіберіледі. Жағдай министрліктің жіті бақылауында.

Фото: mk.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу