Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

Malim Админ

  • 16.04.2020

Қазір елімізде Төтенше жағдай жарияланып, жұрттың бәрі карантинде отыр. Ірі қалалармен қатар облыстар да карантинге жабылып жатыр. Күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығынмен Төтенше жағдай уақыты 1 мамырдың таңғы сағат 7-сіне дейін ұзартылды. Оның алдында Төтенше жағдай 15 сәуірге дейін белгіленген болатын.Індеттің қарқынын есептеп, дәрігерлер мен билік осындай шешім қабылдағанда, тыныш үйде отырып, бала-шағаның амандығын күзету әрқайсымыздың парызымыз болып тұр.

Ал осындай кезде еркіндікке қолдары жеткендей, әшейінде тыныш уақытта үйлерінде оранып жататындар заңсыз жолмен балық аулауға кіріскен. Олар заңсыз балық аулау қана қоймай, Төтенше жағдай режимін де бұзып жатыр. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзін ұмытқан-ау. Бірақ қазір жұрт сөз тыңдай ма?

Жамбыл облысында төтенше жағдай талаптарын бұзып, балық аулаған оннан астам ұсталды.

Төтенше жағдайға байланысты салынған тыйымға қарамастан, полиция қызметкерлері аудандық аңшылық шаруашылығы қорықшыларымен бірлесе отырып арнайы рейд жүргізіп, ондаған заңбұзушыны ұстаған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көктемде балық аулаушылар, табиғат аясында демалушылардың қатары күрт көбейеді. Алайда, қазіргі уақытта төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты балық аулауға және табиғатта демалуға тыйым салынған, ал рұқсатсыз балық аулаушылар жазаға тартылады.

Жуалы ауданының Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында екі әуесқой балықшы ұсталды. Осы секілді Шу өзенінде Мойынқұм ауданының үш тұрғыны ТЖ режимін бұзған. Меркі ауданында тыйым салынған демалыс пен балық аулаудың сегіз фактісі тіркелді. Оларға қатаң ескерту жасалып, 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Барлық құқық бұзушылар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 383-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Негізі жәй ғана әкімшілік жауапқа тартпай, бұндай Төтенше жағдай кезінде қылмыстық жазаға да тартса артық болмайтын ышғар. Себебі карантин режимін бұзушылар қазіргі жағдайды жіті түсінбейтіндей.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін 209 әкімшілік құқық бұзу және 6 қылмыстық құқық бұзу фактісі тіркелген. Бұл аз емес.

Сонымен қоса, Алматы облысында да заңсыз балық аулаған азаматтар ұсталған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңгі сағат 09:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Ақтоған және Шелек кенттерінің арасындағы жолдан «Ниссан» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікте 34 жастағы жүргізуші мен 57, 41 және 38 жастағы үш жолаушы болған. Автокөлікті тексеру барысында олардан ластылары бар гидрокостюм, су асты аңына арналған гарпун – мылтық, шам, резеңке қайық және 140 келіден асатын ірі мөлшердегі түрлі балықтар - сазан, ақ амур, жыланбас балық, көксерке және ақтабан табылды. Ұсталған азаматтардың бірі өз кінәсін мойындап, аулау құралдары оның меншігі болып табылатындығын және барлық балық гарпунның көмегімен Қапшағай су қоймасынан ауланғанын айтып берді.

Аталған дерек Қазақстан Ресбуликасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігі «Айтарлықтай залал келтіре отырып балық ресурстарын заңсыз алу» бабы  бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Заңсыз балық аулау көрші елдерде де «гүлдеп» тұрған тәрізді. Маңғыстау облысында шекарашылар Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының төрт азаматын ұстады .Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне осындай ақпарат таратты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 11 сәуірде балықтарды қорғаудың «Бекіре» кең көлемді акциясы шеңберінде

Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстаған.

Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.

Көрсетілген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» 3-бөлігі 287-бабы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу» 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Түсінікті, карантин кезінде адам баласы зерігеді. Іші пысады. Бірақ осыншалықты деңгейде емес шығар. Заңсыз балық аулау бойынша республикамыздың көліменді күн сайын бірнеше факті тіркеліп жатады. Бірақ оған назар аударып жатқан ел жоқ.

Фото: gazeta.uz

Байланысты жаналықтар

Алматыда кафелер ашыла бастады

25.05.2020

Ұлттық мүддеге сай тарихымызды жазар уақыт келді

05.01.2021

Дәрігер: Індет шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

02.07.2020

Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді...

23.03.2020

Белсенділерді не үшін қамап жатыр?

18.04.2020

Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері

19.02.2020
MalimBlocks
Алматыда кафелер ашыла бастады

Ұлттық мүддеге сай тарихымызды жазар уақыт келді

Дәрігер: Індет шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді...

Белсенділерді не үшін қамап жатыр?

Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері