Киік қырғандар құрықталды

Malim Админ

  • 21.04.2020

Қызылордада 54 киікті қырып, мүйіздерін кескен, артынша аударылып қалған көліктерін тастап, полицейлерден қашқан күдіктілердің бірі ұсталды. Естеріңізде болса 11 сәуір күні бұл оқиға туралы «Киік қырғандар құрықталуы тиіс» деген материал берген болатынбыз.

11 сәуірде Қызылорда қалалық полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Охотзоопром» ӨБРМ қазыналық кәсіпорнының инспекторынан хабар келген. Рейд кезінде Досан ауылының тұсында екі автокөлік блок бекетті айналып өтіп, қашқан. «Охотзоопром» қызметкерлерін байқаған жүргізушілер қашып құтылуға әрекет еткен екен. Қашып келе жатып, «Toyota Land Cruiser» маркалы көлік бір каналға аударылып қалған. Ал күдіктілер екінші көлікпен қашып үлгерген еді. Оқиға орнына Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қарасты Ақсай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды. Автокөлікті тексеру барысында мүйізі кесілген 54 киіктің тушасы мен 224 дана киіктің мүйізі, 1 ұңғылы МР-155 маркалы аңшы мылтығы, патрондар, пышақ және дүрбі табылған.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстады. «Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдікті 34 жастағы жұмыссыз облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр.​ Осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестіріліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Енді «Заң қатты, жан тәтті» болуға тиіс. Ұсталған күдікті бәрін өз мойнына алып кетпей, өзгелерді де айтзықып, бәрін қамау керек. Соған байланысты сот өз шешімін айтар.

Естеріңізде болса, Қазақстанда киік атуға 202 жылға дейін қатаң тиым салында. Қазір ел аумағында үш жүз отыз мыңнан аса киік бар. Алда киік төлдейтін уақыт, «Құралайдың салқыны» аталатын мезгіл келе жатыр.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Байланысты жаналықтар

Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

30.04.2021

Мал қора маңындағы мектеп

04.11.2020

Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

17.04.2020

Жалағаш әкімдігінің 7 млн теңгесі желге ұшты

27.03.2020

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

14.07.2021

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020
MalimBlocks
Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

Мал қора маңындағы мектеп

Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

Жалағаш әкімдігінің 7 млн теңгесі желге ұшты

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы