Волонтерлік қанымызда бар қасиет

Malim Админ

  • 23.04.2020

Дүниежүзін жаулаған корновируспен күресте волонтерлердің алар орны ерекше. Қазір оларға жүктелген жүк ауыр.

Қазақстандық волонтерлер күн-түн демей мұқтаж жандарға көмектесуде. Бұл игі іспен жастар ғана емес, бойында патриоттық рухы бар кез келген адам айналыса алады. Солардың бірі Алматы қаласы Жастар ресурстық Loft орталығының директоры Алма Ауғанбаева. Алма Ауғанбаеваның айтуынша, адамның бойында еліне, жеріне, туған-туысына, жақынына деген ерекше сезім болады. Осы қасиеттерді жоғалтпаған адамнан нағыз волонтер шығады.

«Ертеден тағылымы мол қазақ халқы «Баланы жастан»,- деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған ғой. Яғни, волонтерлік қазақтың қанында бар қасиет»,– дейді Алма Ауғанбаева. Алманың өзі көпбалалы отбасында дүние келген. Ата-әжесінің тәрбиесін көріп өскен. Айтуынша, ата-анасы да оларды мейірімді, қайырымды болуға баулыған. «Мен үлкен отбасында тәрбиелендім. Үлкен кісілердің ақылын тыңдап өстік. Біздің үйден кісі үзілмейтін. Дастархан жиылмайтын. Ата-анам келген қонақтарға барынша құрмет көрсететін. Бұйымтаймен келген кісіге, міндетті түрде қол ұшын созатын. Осының бәрін көріп өскендіктен болар, мұқтаж жандарға қолдау көрсету менің парызым деп есептеймін. Волонтерлік менің екінші мамандығым десем де болады»,– дейді ол.

Қазіргі таңда, Алма Ауғанбаева басқарып отырған Жастар ресурстық орталығында волонтерлер мемлекеттік емес жастар ұйымдарымен бірігіп, арнайы оперативтік волонтерлер штабы құрылды. Еріктілер күн сайын қала бойынша мұқтаж жандарға көмектесуге шығады. «Қазір қалада енгізілген карантинге байланысты волонтерлердің көмегіне жүгінетіндердің саны артты. Бүгінгі таңда 100 волонтер бар. Олар мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп береді. Біз барлық санитарлық талапты сақтай отырып жұмыс істейміз. Волонтерлер қажетті қорғаныш заттарымен толықтай қамтамасыз етілген. Әкімдік тарапынан да қолдау бар. Бізге арнайы автобус бөліп берді»,- деді ол. Сондай-ақ, Алма Ауғанбаева ерікті болу – ерлікпен тең екенін ерекше атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат        

 

Байланысты жаналықтар

Ахметов ардагерге бармай жатып, ақталды

05.05.2021

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

02.08.2021

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

31.07.2020

Сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

07.01.2021

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

11.02.2020

Қамауға алынғандарды сапалы медициналық көмекпен қамту ұсынылды

05.12.2021
MalimBlocks
Ахметов ардагерге бармай жатып, ақталды

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

Ресми деректерге сәйкес, еліміздегі жастардың 96 %-ы жұмыспен қамтылған. Бірақ бұл көрсеткіш олардың бәрі бірдей жақсы жерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алады деген сөз емес. Тіпті көп жағдайда керісінше болып жатады. Malim.kz тілшісі Айшолпан Керім жұмыс іздеудегі өз тәжірбиесін бөлісіп, өзге студенттермен де сөйлесіп, іс-тәжірбиесі мүлде жоқ жас мамандар не істесе болады деген сұраққа қатысты сарапшы пікірін сұрап көрді.

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

Сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

Қамауға алынғандарды сапалы медициналық көмекпен қамту ұсынылды