40-тан астам бала коронавирус жұқтырды

  • 25.04.2020
  • Malim Админ

Алматыда коронавирустан қайтыс болған сегіз адамның басқа созылмалы аурулары болған. "Олар негізінен коронавирус инфекциясынан емес, басқа созылмалы ауруға коронавирус қосылған соң қайтыс болды", - деді Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде.

Алматыда 793 адам коронавирус жұқтырған. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары Әсел Бейсембаеваның айтуынша, вирустан қайтыс болған сегіз адамның төртеуі – әйел, қалған төртеуі – ер адам. Індеттен көз жұмғандардың ең жасы 56 жаста болса, ең үлкені 89 жаста. "Қайтыс болғандардың қант диабеті, жүрек ишемиясы, бауыр циррозы, семіздік, жоғары қан қысымы тәрізді созылмалы аурулары болған. Өлім себептерін құрылған арнайы комиссия зерттеп жатыр. Бірақ елу пайыз жағдайда созылмалы ауру олардың халін нашарлатып жіберген", - деді Ә.Бейсембаева.

Әлеуметтік желіде созылмалы ауруға шалдыққан науқастар қайтыс болған соң, олардан коронавирус анықталып жатқаны жөнінде хабарлар тарап жатыр. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, адамнан қайтыс болған соң коронавирус анықталса, ол бәрібір коронавирустан қаза тапқандарға бөлінген арнайы полигонда, алгоритм бойынша жерленеді. "Санитарлық ереже бойынша, қайтыс болған адамнан коронавирус анықталса, олардың денесі ашылмайды. Марқұмдарды коронавирус жұқтырғандықтан, ереже бойынша, арнайы бөлінген жерге жерленеді. Барлық сақтық шаралары қолға алынады. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салушылар мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі сақталады. Адам соматикалық себептен немесе жарақаттан қайтыс болса да, одан вирус анықталса, жерлеу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталады", – деді Бекшин.

Бекшин 14 жасқа толмаған 40-тан астам баладан вирус табылғанын айтты. Қаланың бас санитары мұны балалардың далада ата-анасының рұқсатынсыз қыдырып жүргенімен байланыстырады. Бекшин сол себепті ата-аналардан балаларды сыртқа жібермеуді сұрады.

Байланысты жаналықтар

Жемқорлықтың шегі жоқ, ал жаза қайда?

07.02.2020

Депутат: Шымкент әуежайы арзанға сатылғалы жатыр

07.10.2020

Бақанас, қайда барасың?..

11.06.2021

"Үстемақы медицина мамандарын ынталандырады"

12.04.2020

Сара Назарбаева 79 жасқа келді

12.02.2020

ШЫМКЕНТТІК ОТБАСЫ ГРАНТ ҰТЫП НАУБАЙХАНА АШТЫ

19.05.2021