Президент карантиннің қашан аяқталатынын айтты

Malim Админ

  • 27.04.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өткен аптада берген уәдесінде тұрып, карантинге қатысты үндеуін халыққа Ақорданың сайты арқылы жолдады. Ондағы басты жаңалық -  президент 11 мамырға дейін карантин мерзімін ұзартуға жарлық шығармақ.

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдаған, және "соның арқасында індет жаппай таралмаған".

"Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды" деген мемлекет басшысы  4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілгенін, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылғанын алға тартады. Бұдан бөлек, жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап қойыпты. Елімізде азық-түлік тапшылығының жоқ деген президент жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстап отырғанына сенімді екен.

"Біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдап жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі және әкімдер басқа да медицина қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда. 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды. Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болды. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады" делінген үндеуде.

Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінген екен. Ауылшаруашылығына көрсетіліп жатқан қолдауларды қалдырмай жазған президент "қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды. Қалыптасқан ахуал әлі де күрделі" депті.

Карантин режімін барынша сақтау қажеттілігіне тоқталған президент "еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады" депті. 

Табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек беріле беретінін, мұқтаж отбасылар азық-түлік ала беретінін, оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай еместігіне тоқталған Қ.Тоқаев мемлекеттік комиссия осындай мәселелерді қалдырмай қарастырғанын, енді оны шешу жолын айтарын хабарлайды екен.

Тоқаев айтқан бір жаңалық - Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстерді ашпақ. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет екен.

Ал ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады дейді.  Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра бермек. Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын дейді президент.

Сондай-ақ, карантин мезгілі мен одан кейінгі қиындықты қалай еңсеруді Елбасы біліп отыр депті.

Ал, Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды екен. Біз біргеміз деп аяқталған үндеудің бір қорытындысы да осы болғандай: енді 11 мамырда үкімет пен ұлттық банк халыққа не жоспар ұсынбақ?

Фото: ainews.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.