Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

ОСК төрағасын президент тағайындайды...

malim Авторы: malim
30.04.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Серік СЫДЫҚОВ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды. Бұл туралы Kaztag.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Сенат төрағасы Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ ұсынысымен депутаттардың бір ауызды қолдауымен шауып өткен Сыдықовтың негізгі қызметі Сенатта өтіп келеді. Сенатта 1996 жылдан бастап Сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі сияқты қатардағы қызметтер атқарып келеді де, 2007 жылы қазіргі президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ төраға болып келгенде қызметі өрлей бастайды.  Осы жылдан бастап Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары, бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып келген соң, қайтадан бұрынғы қызметіне сайланады да, көп ұзамай 2016 жылы Сыдықовты өз Парламент Сенаты аппаратының басшысы етіп тағайындайды. Бұл орында 2020-ға дейін табан аудармай отырған Сыдықов жақында ғана Сенат төрағасының кеңесшісі қызметіне бекітілген.

«25 жылдан бергі сенаттағы тәжірибесі ОСК-де де пайдалы болады» деп Назарбаева да сенім артыпты. 25 жылының 11-12 жылын Тоқаевтың жанында өткізген Серік Сыдықов жақын арада ОСК төрағасы болып шыға келсе таңғалуға болмайды. Өйткені, ережеге сәйкес «Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Сенаты; екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Мәжілісі тағайындаса, төрағасы мен тағы екі мүшесін бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды ғой…

Tags: Malim.kzМәлімМәлім сайтМәлім сайтыМәлім.кзМәлімкзНазарбаеваОСКСенатСерік СыдықовТоқаев

Ұқсас жазбалар

“Ауылда екі сиыр бағатын жер жоқ” (видео)

Авторы: Қанат Тілеухан
19.01.2021
0

Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылында жер дауы. Халық жайылым мен суармалы жерсіз қалғандарын айтады. Екі сиырды сауып ішер күнге зар...

Амангелді Шорманбаев

Үкіметтік емес ұйымдарды заңсыз соттап жатыр

Авторы: Есдәулет Қызырбекұлы
19.01.2021
0

Қаңтардың 18-і күні Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты «Еркіндік қанаты» қоғамдық ұйымына «салық есебін уақытында көрсетпеді» деген айыппен 277 мың...

Қазақтың Тайлағы киноға қалай келді?

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
19.01.2021
0

Бүгін дүниеден озған Әлімғазы Райымбековтің өнерге келуі де бір хикая. Ол әскерден келген соң ауылында трактор жүргізушісі болып қызмет істеген....

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

22.07.2020

“Мұхамеджан өз қателігін түсініп отырған жоқ”

10.10.2020
Көрнекі сурет pinterest.com сайтынан алынды

Көрден шыққан Рафтери (ирланд ертегісі)

05.04.2020
Әбдірахман Абайұлы

Әбдірахман

13.02.2020

Билік интернеттегі жұртты аңди ма?

07.12.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!