Ақтөбеде коронавирусқа полиция қызметкерлері шалдықты

  • 30.04.2020
  • Malim Админ

Ертеңнен бастап карантин режимі жеңілдетілген Ақтөбеде бүгін бір күннің ішінде коронавирус жұқтырған  61 жағдай тіркелді.Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар науқастармен тікелей байланыста болған мамандар  арасында  індетті анықтау мақсатында эксперсс тестілеу  жүргізгендерін айтады. Нәтижесінде бір күнде 61 маманның  вирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Дәрігерлердің сөзінше тізімге жаңадан қосылғандар тәртіп нысандары мен блок бекеттерді күзететін  алдыңғы шептегі полиция  мамандары, науқастармен тікелей байланыста болған дәрігерлер. Алайда олардан осы күнге дейін ауру белгісі байқалмаған деп отыр.

«Ішкі істер қызметкерлері,режимдік нысандарды күзет органдары, медицина қызметкерлері, тағы да басқа осы коронавирустік инфекцияға күреске жұмылдырылған қызметкерлер арасында экспресс тестілеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы тексттің нәтижесінде клиникалық белгілері білінбей жүрген көптеген біздің тұрғындардың арасында тест оң мән берді. Оны тереңірек ПЦР арқылы тексеру нәтижесінде қазіргі таңда 61 адамда қосымша коронавирустық инфекция анықталды», - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет ҚАЛИЕВ.

Бүгін анықталған 61 науқастың бәрі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылыпп, эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ақтөбеге  эксперсс тесттің 24 000 данасын алдыртқандарын айтады. Алдағы уақытта жедел тестті мемлекеттік қызметкерлерді де тапсыратын болады.

Жалпы бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 126 жағдай тіркелген. Оның 11 аурудан айықса,  үшеуінің жағдайы ауыр. Жауаптылардың егер өңірде жағдай тұрақталмаса карантин режиміне енгізілген жеңілдіктер қайта қаралатын болады деп отыр.

Фото: mail.kz

Жанар ҚОЖАНОВА

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Шықмаматов: "Қырғызстанда сайлау қайтадан өтеді"

06.10.2020

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

22.07.2021

Оқуға түспеген талапкерлер наразылыққа шықты

20.08.2020

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген

20.02.2020

Тоқаев экономиканы қалай құтқармақ?

11.05.2020

"Елімізде демократиялық процестер дамып жатыр"

14.05.2020