Әкім Әбдіқалықова бастамасы және онлайн парадтар

  • 01.05.2020
  • Malim Админ

9 мамыр күнін асыға күткен ресми Кремль жеңістің 75 жылдығын әуеде атап өтетін болды. Коронавирус кесірінен үлкен парадтан қақылған Ресей президенті Владимир ПУТИН өткен аптада жеңістерын қалай тойлайтынын айтқан еді.

«9 мамыр күні әуе әскери техникалары (ұшақтар, тік ұшақтар) соғыс қаһармандарына құрмет көрсетіп парад өткізеді. Кешке дәстүрлі мерекелік отшашу атылады», - деген еді президент Путин.

Сарапшылар гибридтік соғыстық сарбаздарына балайтын Ресейдегі  «Мәңгілік өлмес полк» онлайн шеруге шығады.

Ресейден қалыспай Қазақстан да жеңіс күнін онлайн болса да атап өтпек. Бір ғана мысал, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА виртуалды түрде өтетін «Жасампаз жасақ» шарасын өзі бастап берді. Өңір басшысы сыр елін интерактивті акцияға қатысуға шақырды.

«Әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз. Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады. Қорытынды бейнежазбаны әлеуметтік желіде төмендегі хэштегтермен жариялайсыз», - делінген Қызылорда облысы әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасында.

Латвиядағы орыс қауымдастығы төтенше жағдай режимін бұзбай өзге форматта жеңіс күнін атап өтетіндерін мәлімдеді. Бұл жай ғана қоғамдық ұйымның онлайн шарасы болмақ. Ал ресми Рига 1941-1945 жылғы соғысты Ұлы Отан соғысы деп қарастырмайды. 2-дүниежүзілік соғыс құрбандарын Еуропа халқымен 8-ші мамыр күні еске алады.

Украина пандемия дүниежүзіне тарамай тұрып жеңістің 75 жылдығынан бас тартқан. Осы жылдың ақпан айында Украина сыртқы істер министрі Вадим ПРИСТАЙКО бұл жөнінде айтқан.

«Біз барлық еуропалықтар сынды 75 жылдан кейін бұл трагедия не үшін болғанын түсінуге дайынбыз. Және бір-бірімізді кешіруге де дайынбыз», - деген еді министр Пристайко.

Алайда, Украинада фашизмге қарсы күрес қаһармандары назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ұлтшылдықтың жаншылғанына 75 жыл деген атаумен «Ерлігі үшін» медаль сәуірден бастап берілді. Бұл құрмет УПА қатарында соғысқан ардагерлерге де көрсетілді. Степан БАНДЕРА басқарған Украина повстанциялық армиясы фашист және совет әскеріне бірдей қарсы соғысқан.

Коллаж: Мәлім кз

 

Байланысты жаналықтар

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

26.07.2020

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Қошанов пен Исекешев тергеу ісіне қатысты жобамен танысыпты

05.10.2020

Бекбаева Назарбаевқа орынбасар болды

11.11.2020

Эстония президентіне Мәскеудегі парадқа барудың қажеті жоқ

04.02.2020

Коронавирустан қайтыс болғандар полигонда жерленеді

30.03.2020