Мақтааралды оңалтуды үкімет комиссиясы мойнына алды

  • 04.05.2020
  • Malim Админ

Премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді.

Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды.

Өзбекстанда жарылған су қоймасынан өткен сенбіде Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекенді су шайып,  620 үй бүлініп,  3,5 мыңнан астам гектар егіс алқабы су астында қалған еді.

«Қазір Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төрт елді мекенді су басты: Жаңа тұрмыс (45 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй). Барлығы 620 үй бүлінген"- деген еді 3 мамырда Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жалпы су келген түні 7 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған, 22 эвакуациялық пункт әзірленген.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, шамамен 3601 егіс алқабы су астында қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, шығын көлемі 404 млн теңге. Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Жантақсай, Жаңажол, Еңбекші ауылдық округтері көбірек зардап шеккен.

Бүгіннен бастап осы апаттың шығынын орнына келтіру, елді-мекендердегі жағдайды оңалту жұмыстарын үкіметтік комиссия басқарады.

Байланысты жаналықтар

“Шашы ұзынның ақылы қысқа” ма?

27.03.2021

“Өз іс-әрекеттеріңмен өздеріңді қатерге итермеңдер!”

02.07.2020

Министрлік педагогтардың жалақысы қалай өсетінін түсіндірді

11.03.2020

Министрдің құттықтауындағы екі президент

04.10.2020

"С праздником 31 мая": Әсем Нүсіпова вице-министр болды

21.10.2020

Тоқаев келгелі жемқорлықпен ұсталғандардың саны 11 пайызға өскен

19.08.2020