Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерге 35 миллион шашпақ

Malim Админ

  • 05.02.2020

Алматы қаласы әкімдігінің туризм басқармасы шетелдік блогерлер мен журналистердің екі пресс-турына бюджеттің 35 714 285 теңгесін жұмсамақ. Әкімдікке қарасты туризм басқармасы ақпанның 4-і күні мемлекеттік сатып алулар порталында шетелдік блогерлер мен журналистердің пресс-турын ұйымдастыруға тендер жариялады.

Ашық конкурс түрінде өтетін тендерге өтініш қабылдау 12 ақпанда басталып, 27 ақпанда аяқталады. Мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған хабарламаға қоса тіркелген қызметтердің техникалық ерекшелігі құжатына қарағанда, пресс-турдың мақсаты "Алматы қаласының туристік әлеуетін дамыту, елдер арасында туристік алмасуды көбейту".

Әр баспасөз турына шетелден 20 блогер қатысуы тиіс. Туризм басқармасы тендерді ұтып алған ұйым блогерлерді қай елден шақыратынын тізіп шыққан. Атап айтсақ, ұйымдастырушы блогерлер мен журналистерді Германия, Австрия, Испания, Португалия, Франция, Италия, Польша, Ұлыбритания, Бельгия, Гонконг, Қытай, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен алдыртуы керек.

Бірінші пресс-тур 2020 жылдың 2-3 тоқсанында өтсе, екіншісі 3-4 тоқсанда ұйымдастырылатын көрінеді. Блогерлерге арналған 6 күндік пресс тур бағдарламасына мыналар кіреді: Алматы қаласындағы экскурсия, Қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайына бару, 28 панфиловшылар паркінде саяхаттау, Көктөбеге көтерілу, Көк базар аралау, "Сұңқар" құстар бағы, "Гұндар" этноауылы, Шарын шатқалы, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына бару, қазақ ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс өткізу, ұлттық костюмдерде фотоссессия жасау үшін қолөнершілер шеберханасына бару.

Шетелден келетін блогерлер Алматыдағы 5-жұлдызды қонақ үйлерінің біріне орналастырылады. Тендерді ұтып алған ұйым шетелдік қонақтарды әуежайда күтіп алудан бастап қонақ үйге тұрғызу, пресс тур бағдарламасын әзірлеп, ұйымдастыру, блогерлерді автобуспен алып жүру, тамақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз етуге дейінгі шаралардың бәрін іске асырады.

Фото: Досжан Балабекұлы

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Біртановтың бұйрығы және дәрігерлердің дәрменсіздігі

15.04.2020

Денис Теннің өліміне қатысы бар адам бостандыққа шықты

06.01.2021

"Тұлпар мініп, казино ойнаған" генерал жаңа қызметке тағайындалды

06.04.2021

Сағынтаевтың әкімдігі Боранбаевтың қонақ үйін жалдап жатыр

01.03.2021

"Еңбекке жарамсыз": Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

21.03.2021

Жолдарды мақтайтын блогерлерге миллиондар бөлінбек

27.02.2021
MalimBlocks
Біртановтың бұйрығы және дәрігерлердің дәрменсіздігі

Денис Теннің өліміне қатысы бар адам бостандыққа шықты

"Тұлпар мініп, казино ойнаған" генерал жаңа қызметке тағайындалды

Сағынтаевтың әкімдігі Боранбаевтың қонақ үйін жалдап жатыр

"Еңбекке жарамсыз": Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

Жолдарды мақтайтын блогерлерге миллиондар бөлінбек