457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Жаңа адамдар»: Алматыда барабандар фестивалі өтті

31 тамыз күні Алматыданың көрікті жері Көк-Төбе алаңында «Жаңа адамдар» қозғалысы «Жаңа ырғақ бер!» атты барабандар фестивалін ұйымдастырды.

Іс-шараға 200-ден астам белсенді қатысып, көпшілікпен интерактив өткізді.

Фестиваль шеңберінде барабан, дарбука, драм-пад және түрлі перкуссия аспаптарымен ауқымды шоу өтті. Қонақтар да ырғаққа қосылып, өзгерістер әр адамның өзінен басталатынын аңғартты.

«Жаңа ырғақ бастау» кампаниясының мақсаты – музыка арқылы қоғамды бірлікке ұйыстырып, жауапкершілік пен жасампаздық мәдениетін қалыптастыру. Барабан үні жаңа мәдениеттің – еркіндік пен ұмтылыстың символындай.  

Фестивальде сонымен бірге Qazaqstan деген жазуы бар брендтік футболкалар таныстырылды.

Белсенділердің пікірінше, бұл мерч – жеке адамның ел тағдырына жауапты екенін білдіретін визуалды манифест.

«Біз өзгерістерді өзгеден күтпей, өзімізден бастауымыз керек. Әрбір таңдауымыз бен іс-әрекетіміз елдің болашағын айқындайды. Біз – Қазақстанның өзімізбіз», – деді қозғалыс өкілдері.

Фото: "Жаңа адамдар" қозғалысы