Біздің режим халықты қанағаннан басқа ештеңе білмейді

Malim Админ

  • 12.05.2020

Қазақстан билігі табысы аз немесе тұрақты табысы жоқ азаматтарды саяси протестке жақын адамдар ретінде бағалайды. Былтырдан бері экономикалық және әлеуметтік саясаттағы олқылықтардан пайда болған кедейлікті Назарбаев жүйесі Тоқаевтың популистік саяси шешімдері арқылы уақытша шешуге тырысып жатыр. Сол арқылы билік қоғамдағы саяси протестті көңіл-күйді басып жатырмыз деп өз-өзін алдап отырғандай көрінеді. Өйткені биліктің өрт сөндіруге тырысуынан жұмыссыздық, инфляция, девальвация және саяси наразылық өз-өзінен жоқ болып кетпейді. Қайта керісінше, уақыт өткен сайын ол проблемалар еселеніп, мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалық арта береді.

Мемлекеттік бюджет түпсіз емес. Дефициттің барын биліктің өзі мойындап отыр. Оны шешудің бір жолы ретінде “әлеуеметтік әділетті” аңсаушы Назарбаев режимі прогрессив табыс салығын енгізуді қарастырып отырған сияқты. Режим саясат пен экономикадан хабары аз азаматтарға прогрессив табыс салығы жайлы идеясын байларға салынатын байлық салығы ретінде көрсетуге тырысып жатыр.

Шын мәнісінде, бұл салық саясаты жемқор шенеуніктер мен олардың туыстарының, заңсыз байыған олигархтардың байлығына еш әсер етпейді. Көп болса олардың Самрұқ-Қазынаға қарасты ұлттық компанияларда жұмыс істейтін өкілдеріне жанама әсер етуі мүмкін. Яғни, жұмыс уақытында Лондонда қыдырып жүретін “зайчик” топ-менеджменттің/“золотая молодежьдің” айлықтарынан көбірек салық ұсталады. Айлығының қанша екенін білмейтін оларға табыс салығының қанша болары бәрібір. Өйткені олар бір айлыққа күн көріп жүрген адамдар емес.

Сондықтан бұл салық саясатының ауыртпалығы заңды жолмен, өз еңбегімен адал табыс тауып жүрген азаматтарға түскелі отыр. Ол салықтың өзіне мемлекет тарапынан мемлекеттік балабақша, мектепте берілетін сапалы білім, мемлекеттік ауруханаларда көрсетілетін сапалы денсаулық сақтау қызметі, сапалы қоғамдық көлік қызметі, әділетті полицияның қызметі, сапалы жолдар түрінде қайтып келмейтінін бұл азаматтар жақсы біледі. Сондықтан олардың “Менің құқығымды шектейтін жемқор шенеуніктер мен полицияның айлығы үшін өз табысымнан тағы да салық төлеуім керек пе?” деген риторикалық сұрақты қоюы әбден орынды.

Осылайша, билік бюджеттегі дефицитті тұрақты табысы бар, үнемі салық төлейтін және өзінің құқығы мен міндетін жақсы білетін, бірақ саясаттан саналы түрде өзін алыс ұстап келген азаматтардың есебінен шешуге тырысу арқылы оларды саясатқа араласуға мәжбүрлеуі мүмкін. Тұрақты табысы бар және заңды білетін адамдардың саяси талаптарын билік 300 мың теңгелік кредитін кешіріп немесе 42,500 теңгемен қанағаттандыра алмайды. Олар және 42,500 теңгеге мұқтаж азаматтар өзін өз елінде толыққанды азамат сезінуі үшін билік прогрессив табыс салығынан бас тартудан бөлек, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, ашық әрі әділ сайлаулар өткізіп, саяси репрессияны тоқтатуы қажет.

Биліктің қадамын “әлеуметтік әділетті” орнатуға талпыныс деп түсініп жатқан азаматтар табысын декларация жасауға қорқатын биліктің өзіне, туыстарына және өзінің олигархтарына байлық салығын енгізуге "духы" жетпейтінін түсінуі керек. Бұл прогрессив табыс салығы – бүйректен сирақ шығару.

P.S. Кезінде “конструкивті оппик” болып жүргенде А.Перуашев елден 167 млрд доллар оффшорларға заңсыз шығарылғанын мәлімдеп, Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің атына депутаттық сауал жолдаған еді. Билік бюджеттегі дефицитті жабуды шынымен қаласа, нұротандықтар “парламенттік оппозициямен” қосылып 167 млрд долларды елге қайтаруға кірсуі керек. Егер оны істей алмаса, Назарбаев режимі прогрессив табыс салығын енгізу арқылы қолынан өз азаматтарын қанағаннан басқа ештеңе келмейтінін тағы бір дәлелдейін деп тұр.

Шалқар Нұрсейіт

Байланысты жаналықтар

Бектенов заподозрил чиновников в халатности из-за паводков

29.03.2024

Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

29.03.2024

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

29.03.2024

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024
MalimBlocks
Бектенов заподозрил чиновников в халатности из-за паводков

Премьер-министр Олжас Бектенов заслушал доклад министра по ЧС Чингиса Аринова о ситуации с паводками. Об этом в пятницу, 29 марта, сообщила пресс-служба правительства.

Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында теракт жасағандардың "Украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды" деген мәлімдеме жасады. Олар мұндай ақпаратты лаңкестікке қатысы бар тағы бір күдіктіні ұстағаннан кейін таратқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың өзгеруіне және ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған аймақтардан кетуін ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.