Парламентте оппозиция сөзін ешкім бөлмейді

  • 06.05.2020
  • Malim Админ

Енді оппозиция Үкімет сағатының күн тәртібін бекіте алады.

Бүгін парламент мәжілісінде  «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға түзетулер, сондай-ақ, парламенттік оппозиция мәселелеріне қатысты заң жобасы мақұлданды.

Бұл жаңа жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ парламенттік оппозиция институтын құру туралы тапсырмасы негізне қолға алынды. Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрғанда бір қатар саяси реформалардың жасалатынын айтқан-ды. Бұл өзгерістер партиялардың жұмысын һәм азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін бермек. Сондықтан да мәжіліс депутаттары заңға «парламенттік оппозиция» деген ұғым кіргізді.

«Бұл Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ та, уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі, Парламенттік оппозиция - демократияны одан әрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге, ашық және еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сондықтан, дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, осы заң аясында, тиімді парламенттік оппозиция қалыптастыру керек деп есептейміз», - деді мәжіліс төрағасы  Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Енді жаңа заңға сәйкес парламенттік көпшілік дауысқа ие бола алмаған оппозициялық партия азшылықтан зардап шекпейді. Яғни олардың кез-келген мәселеге қатысты пікірі ескеріледі. Олардың өкілі тек өз фракциясын ғана емес, комитет басшысы да бола алады. Парламенттік тыңдау өткізуге және үкімет сағатының күн тәртібін бекіте алады. Заң жобасын әзірлеуге де құқығы болады.

«Парламенттік оппозицияның өкілдері сөз сөйлеген кезде оларды ешкім тоқтата алмайды деген талап қойып отырмыз. Өзіміздің басымыздан өткен. Бұрын "Ақ жол" партиясының депутаттарына кем дегенде 5-6 рет микрофонын өшіріп қоятын. Мысалы, мәжілістің жалпы отырысында жылдың ең маңызды құжатын қарастырған кезде сөз сөйлеуге мүмкіндік бермей, менің микрофонымды өшіріп қойды. Мұндай әрекеттерге біз жол бермеуіміз керек. Парламенттік оппозицияның өкілдері мен депуттары сөз сөйлеген кезде олардың сөзін тоқтатуға болмайтын талап енгізіп отырмыз», - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат ПЕРУАШЕВ. 

Заңды әзірлеген мәжілісмен Перуашев бұл жобаны 2012 жылы дайныдаған екен. Бірақ іске асыра алмаған.

«Парламенттік оппозиция деген ұғымның түсініктемесін Еуропалық комиссияның 2010 жылы қабылдаған демократиялық парламенттердегі оппозицияның рөлі жөніндегі ресми баяндамасынан алдық. Парламенттік оппозиция парламентке өткен, парламентте өзінің парламенттік фракциясын құрған саяси партиялар, бірақ көпшілікке кірмеген саяси партиялар. Бұл саяси партиялардың ерекшелігі билік жүргізетін саясаттан бөлек өзінің ұстанымы бар және өзінің ұсыныстарын жүйелі түрде жарялайтын, ұсынатын, жүргізетін ұйым. Кез-келген партия бұған кірмейді. Мәселен, кейбір партиялар парламентке кіріп, бірақ үндемей отырса, немесе билікті кез-келген мәселе бойынша қолдап отырса, онда бұл оппозицияға жатпайды», - деді депутат Азат Перуашев.

Тәуелсіз сарапшылар жағы заң демократияны дамытуға, парламент жұмысын ашық етіп, мәжілісті шынайы дисскусия алаңына айналды дейді.

«Парламент ішінде белгілі бір артықшылыққа, сонымен қатар парламенттік азшылық өкілінің нақты бір лауазымды иеленуіне кепілдік беріледі. Бұл әлемдік тәжірибе саналады. Сондықтан Қазақстан бүгінгі күні саяси реформаларды ілгерілетуде демократияның халықаралық стандарттарына сай келеді деп айтуға болады. Қазіргі уақытта біз дәл соған қарай келе жатырмыз», - деді саясаттанушы Ерлан САИРОВ.

С. НАЗАРОВА

Фото: parlam.kz

Байланысты жаналықтар

ШЫМКЕНТСКИЙ АРЛИ АБСОЛЮТНЫЙ ЧЕМПИОН АЗИИ ⠀

14.05.2021

Ресейлік вакцина сынағына қатысқандар вирус жұқтырды

28.10.2020

Шілдеде бірқатар облыста қуаңшылық болады

07.07.2021

Нұрділдә Ораз: Полицияны жаманатты қылған - сыртқы күштер

02.06.2020

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

23.04.2020

Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің тізімі

13.07.2020