Бақауов түрмеге қамалмауы мүмкін

Malim Админ

  • 27.05.2020

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат БАҚАУОВ бас бостандығынан айырылмауы мүмкін. Сотта прокурор Елена Белова кс-әкімнің бас бостандығын шектеуді сұраған.

Бүгін Павлодарда облыстың бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша онлайн сот отырысы өтті.  Бақауов сотқа WhatsApp қосымшасы арқылы қатысты.

Мемлекеттік айыптаушы сотта бұрынғы әкім кінәсін толық мойындап, прокурормен процессуалды келісімге келгенін мәлімдеді. Ол келісім бойынша, экс-әкім 3,6 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына кесіліп, дүние-мүлігі тұтқындалмауы мүмкін.

Мемлекеттік айыптаушы Бақауовты 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартуды сұраған. Сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

16 қаңтар күні ұсталған Болат Бақауовқа қызмет бабын теріс пайдаланды деген айып тағылған. Бұл айып бойынша дүние-мүлікті тұтқындап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Болат Бақауов өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сотта Болат Бақауов 165 миллион теңге көлемінде тигізген залалын төлегені белгілі болды.

Сот шешімі бүгін шығып қалуы мүмкін.

Фото: pavon.kz

Байланысты жаналықтар

Президенттікке үміткер болған Рахымбаев министрдің кеңесшісі болды

12.08.2021

Арон Атабекті қолдап 2,5 мың адам қол қойған хат президентке жолданды

20.09.2021

Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды

28.12.2020

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

11.03.2020

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?

16.10.2020

Жер реформасы – жауапты міндет

23.03.2021
MalimBlocks