Алматыда балмұздақ жеткізу қызметі тестіленуде

  • 11.06.2020
  • Malim Админ

Тұтыну нарығы карантиннен кейін де уақыт талабына жауап беруі керек. Жаздың аптап ыстығында Алматыда үйге балмұздақ жеткізу қызметі іске қосылып жатыр.

Біздің елдегі балмұздақтың жетекші өндірушісі, «Бомба», «Мишка на полюсе» мен Bahroma сияқты мұз бестселлерлерінің авторы «Шин-Лайн» компаниясы аталмыш қызметті бірден екі арна арқылы таңдауды ұсынады. Wolt өнімді жеткізу сервисімен серіктес бола отырып, ұнаған балмұздақ дәміне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Тұтынушылар 40 минуттан аз уақыт ішінде тапсырысты алып қана қоймай, қазіргі уақытта тек сыйлық ретінде қол жетімді, сирек кездесетін балмұздақ түрі - жүзіммен Bahroma  балмұздағының дәмін де тата алады.

Қазір балмұздақты өндірушінің өзінен, яғни, конвейерден тікелей экожеткізілім де бар. Бұл ретте сіз Инстаграм желісіндегі «Шин-Лайн» парақшасында shinline_kazakhstan немесе кәсіпорынның ресми сайтында тапсырыс беріп, бөлшек саудадан төмен бағамен ала аласыз, сонымен қатар қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесіңізді де қосасыз.

Себебі «Шин-Лайн» заманауи авторефрижераторлары суық аккумуляторлармен жабдықталған. Бұл жүйе тұрақта тұрған кезде шанақтағы температураны минус 45 градусқа дейін төмендете отырып, электр желісінен қуат алады және қала ішіндегі қозғалыс процесінде салқындатқыш қозғалтқышқа қосымша жүктеме жасамайды. Осылайша, атмосфераға пайдаланылған газдардың шығарындыларын азайтып, отын шығыны ұлғаймайды.

- Экологиялық технологияларды пайдалануға көшу - бұл әлемдік тренд, біз осы бағытта практикалық қадамдар жасауға қуаныштымыз, - деп атап өтті «Шин-Лайн» ЖШС бас директоры Владимир Пак. – Біз бұл жеткізуді экожеткізу деп атаймыз және қоршаған ортадағы ауа тазалығын, сондай-ақ Қазақстандағы басқа да кәсіпорындардың тазалықты сақтауға, өндірістің экологиялық құрамдарын дамытуға деген ұмтылысын қолдайтын тұтынушылардың назарына сенім артамыз.

Экологияны сақтауға және ресурстарды оңтайландыруға бағдар уақыт өзгерісіне сай болуға ұмтылған компанияда нормаға айналды. 2018 жылы энергия ресурстарын тұтынуды төмендету мақсатында «Шин-Лайн» компаниясы жалпы шығындардың ішінде энергия шығындарын 3,1% дейін қысқартып, «Энергияны үнемдеу-2020» бағдарламасына қосылды.

Байланысты жаналықтар

"Мәлім" сауалнамасы: Қанша адам вакцина салдырмақ?

01.02.2021

Ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

16.07.2020

Қордай жанжалы: 90 қылмыстық іс қозғалды

19.02.2020

Бас санитар: Той өткізуге рұқсат жоқ

02.06.2020

Автомобиль жолдары саласы білікті маманға зәру

30.09.2020

Шенеуніктердің автокөліктері қысқартуға ұшырайды

26.01.2021