Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер қамалды

Балалар күнінде Тұран-2 ауданындағы «Жаңалық» сауда орталығының алдында мерекелік іс-шара өткен, деп хабарлайды Malim.kz
Сол жерде кәсіпкер жиналған жасөспірімдерге 800 балмұздақты «лақтырып» берген еді. Жамыраған жастар алысып-жұлысып, бір емес бірнеше балмұздақтан алған.
Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай жасаған кәсіпкер соңында жазаға тартылды.
Іс-шараны ұйымдастырушы Т.Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша да жазаланып, сот шешімімен 5 тәулікке қамауға алынды.
Бұған дейін Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жазаланған еді.
Фото: видеодан кадр

Ең көп оқылған
