Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҚМДБ «Құпия Санта» ойынын құптамады

Қоғам
ҚМДБ «Құпия Санта» ойынын құптамады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Құпия Санта» ойынына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Діни басқарманың түсіндіруінше, бұл ұғым исламда да, қазақтың дәстүрлі дүниетанымында да жоқ. ҚМДБ өкілдері өзге мәдениеттерден енген түсініктерді дәріптегеннен гөрі, адамдарды жақындастыратын ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарын насихаттаудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Ислам дінінде де, ұлттық дәстүрімізде де “Құпия Санта” деген түсінік кездеспейді. Ұлттық және діни құндылықтарды алға шығару әлдеқайда орынды», – деп мәлімдеді ҚМДБ.

Сондай-ақ Діни басқарма өкілдері аталған ойын мереке кезінде ішімдік ішу, ер мен әйелдің еркін араласуы немесе шариғатта тыйым салынған өзге әрекеттермен қатар жүрсе, мұндай жағдайлар құпталмайтынын ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу