457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жазаланады

Оқиға балалар мерекесіне орай ұйымдастырылған. 29-шағын ауданда орналасқан «Abu Baby» балалар киім дүкенінің иесі азық-түлік пен сыйлықтарды тегін таратқан,- деп хабарлайды Malim.kz.  


Соған байланысты тұрғындар көп жиналып, бір-бірін қысып, тапталып қала жаздаған. Балалар адасып, қоғамдық тәртіп бұзылған.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер аталған шараны жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарламаған.

Сондықтан дүкен иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1 бабына сәйкес (қоғамдық іс-шараны хабарламай не келісім алмай өткізу) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет.

Фото: видеодан скрин