Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бір макияж үшін қырғын ақша берді": Голливудтық стилист Әлия Назарбаеваның жомарттығына риза болды

Қоғам
"Бір макияж үшін қырғын ақша берді": Голливудтық стилист Әлия Назарбаеваның жомарттығына риза болды
Видеодан скрин/informburo.kz

Голливудтық визажист және стилист Роберт Минасян 15–20 жыл бұрын Алматыға жасаған сапарын еске алды. Оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева туған күніне шақырған. Ол бір күндік жұмыс үшін ірі сыйақы алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Руся in America YouTube-арнасына сілтеме жасап жазды. 

Журналист және блогер Рустам Солнцев бұл видеоны өзінің YouTube арнасында жариялады.

“Әлия Назарбаева мені макияж жасау үшін туған күніне шақырды. Алматыда бес күн болдым. Кешке дейін көңіл көтердік. Көп ақша таптым. Олар, ақшаны аямады. Бір макияж үшін маған ондықтан бірнешеуін берді. Бір күнге. Ақылға сыймайтын нәрсе. Бірақ мен сол жерде көңіл көтеріп, қолымнан келгеннің бәрін жасағаным есімде”, – деді стилист.

Минасян Назарбаеваның қандай валютада төлегенін нақтыламады. Десе де бұл он мың доллар болуы мүмкін.

Сотилист видеода Әлия Назарбаеваның жақын досы Светлана туралы да айтты. Әлия оны “бриллиант кәсібімен байланысы бар адам” деп таныстырған екен. Минасян әлі күнге дейін Светлананың бейнесін ұмытпайтынын айтты. Себебі сол күні оның қолында 50 мың доллар тұратын Birkin сөмкесі болған екен. 

Мүмкін, бұл Светлана Коротенко болар. Ол шынымен де бұрынғы президенттің қызының жақын досы.  Әлия оған «ӨКМ операторы» ЖШС басқаруын сеніп тапсырған.

Бірнеше жыл бұрын Астанада сот Коротенконы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыптап, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ мүлікті тәркілеу және басқарушы лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы үкім шығарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу