Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейлік барлау дроны Түркияда құлады

Әлем
Ресейлік барлау дроны Түркияда құлады
Фото: azh.kz

Түркия билігі елдің солтүстік-батысында құлаған ұшқышсыз аппараттың ресейлік барлау дроны болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркияның Ішкі істер министрлігі X әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында құлаған аппарат ресейде өндірілген «Орлан-10» дроны болуы мүмкін екенін атап өтті.

БАҚ мәліметінше, дрон Стамбул қаласының шығысында орналасқан Коджаэли провинциясындағы ауылдық аумаққа құлаған. Бұл өңірден Украинаның ең жақын аумақтарына, соның ішінде Қырым жағалауына дейінгі қашықтық 450 шақырымнан асады.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Түркияның жойғыш ұшағы Қара теңіз үстінде басқарудан айырылып, елдің әуе кеңістігіне жақындаған деп болжанған тағы бір ұшқышсыз аппаратты атып түсірген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу