Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күйеуі атпен сүйретіп өлтірген. Сараптама үшін мәйіт қайта қазып алынған

Құқық
Күйеуі атпен сүйретіп өлтірген. Сараптама үшін мәйіт қайта қазып алынған
видеодан скрин

Талдықорған қалалық сотында өз әйелі Айзат Жұманованы ұрып өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболатқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. 

Сот отырысында күйеуінің Айзат Жұманованы Талдықорған қалалық ауруханасына алып келген сәті түсірілген бейнежазба көрсетілді. Ауруханаға жеткізілген кезде Айзат Жұманова ес-түссіз күйде болған. Бейнежазбада Айбар Жанболат, оның анасы және досы жәбірленушінің аузын сүртіп, аяғын уқалап жатқан сәттері көрінеді.

Ал Бишімбаев ісі бойынша да белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров соққылар марқұм жан тапсырғаннан кейін де жасалғанын мәлімдеді.

«Біз сот-медициналық сараптаманы мәйітті қайта қазып алу арқылы жүргіздік. Алғашқы зерттеу кезінде анықталған жарақаттарды және қосымша зақымдарды толық қарап шықтық. Сараптама қорытындысында барлық жарақаттың тірі кезінде салынғаны көрсетілді. Ал аяқ-қолындағы сүйретілу іздері өлі күйінде пайда болған. Өлімнің нақты себебі бас миының ауыр жарақаты. Оның механизмі бетке бірнеше рет соққы жасалып, бас сүйегінің сынуымен байланысты. Бұл жарақаттарға жұдырықпен де, аяқпен де соққы жасау жатады», - деді Тахир Халимназаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айбар Жанболаттың әйелін екі жасар баласының көзінше қатыгездікпен ұрып-соққаны хабарланған. Сонымен қатар, марқұмның қолын арқанмен байлап, жылқымен сүйрегені де белгілі болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу