Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда достары тастап кеткен 61 жастағы аңшының денесі табылды

Қоғам
Атырауда достары тастап кеткен 61 жастағы аңшының денесі табылды
ашық дереккөзден

Атырау облысы Жылыой ауданында бірнеше күн бұрын аңға шығып, хабарсыз кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Марқұм 1964 жылы туған. Оның мәйіті қамыс басқан аумақтан анықталғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, ер адам 15 желтоқсаннан бері із-түзсіз жоғалған. Оны іздеуге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ марқұмның туыстары мен жақындары жұмылдырылған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары шамамен 100 шақырым аумақта жүргізілген. Операцияға 43 адам, 11 арнайы техника, үш ұшқышсыз ұшу аппараты және EC-033 тікұшағы тартылған. Сонымен қатар қажет болған жағдайда қосымша күштерді жұмылдыру да жоспарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 14 желтоқсанда үйінен шығып, Ботақан кен орны маңында жоғалып кеткен. Бұл аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, ал Атырау қаласынан шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның нақты мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу