Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алдағы үш күнде 35 градус аяз болады

Қоғам
Алдағы үш күнде 35 градус аяз болады
Nsk.ru

Алдағы үш тәулік ішінде ел аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады.

Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қар жауады.

Ел аумағында тұман, көктайғақ болып, сондай-ақ жел күшейеді.

Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0–5 градустан 18–30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 33–35 градусқа дейін аяз болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу