Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

Malim Админ

  • 29.06.2020

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева есеп берді. Балаеваның айтуынша, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдында 2025 жылға дейін жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тәсілдерді әзірлеу міндеті тұр.

"Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы «QazExpoCongress» павильоны базасында «ArtHUB» жастар бастамаларын қолдау орталығын құру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл алаңда жастар ұйымдары мен волонтерлердің фронт-офисі орналасатын болады",  - деді министр.

Халықты отбасы мен балалықты қолдау мәселелері туралы хабардар ете отырып, министр ел үшін үлкен проблема ажырасу санының артуы екенін айтты. Сонымен қатар, ол осындай белсенді статистикаға АӘК енгізу төңірегіндегі жағдай әсер еткеніне назар аударды.

«2019 жылғы қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасына сәйкес некені бұзудың негізгі себептері: туыстарының араласуы, ерлі-зайыптылар сатқындық, ойын ойнау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б. Отбасылық жұптарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету мақсатында 2019 жылы 8 өңірде «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдаудың 12 орталығы құрылды. Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін азайту мақсатында еліміздің 9 өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылды", - деді Балаева.

Министр өз сөзінде сондай-ақ, биылғы жылы отбасы институтын, репродуктивті денсаулықты нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру басталғанын айтты. Биылғы жылы отбасы институтын, репродуктивті денсаулықты нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру басталғанын хабарлады.

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын мәлімдеді

13.03.2024

Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

22.06.2023

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

05.05.2023

Аймақтағы басылымдар мәселесі Астанаға жетті

25.01.2023

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

04.01.2023

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022
MalimBlocks
Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын мәлімдеді

Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлін талқылау бойынша ашық диалог алаңы өтті.

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

«Самұрық-Қазына» тобындағы басшылық лауазымдардың үштен бірін әйелдер атқармақ.

Аймақтағы басылымдар мәселесі Астанаға жетті

Облыстағы қараусыз, қолдаусыз қалған газет-журналдар мен сайттарға үкіметтің назары ауыпты.

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

Оралов бұған дейін 10 ай Amanat партиясының Атқарушы хатшысы болған.

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған