457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Балалар жаңа формамен жазылған туындыларды ұнатады – министр

Еліміздегі кішкентай оқырмандарды мәжбүрлі түрде оқыту жөн емес. Балаларды тың идеялар, ерекше формаларға бағыттасақ қана әдебиетке құштарлығын арттыруға жол ашамыз. «Aiqyn» басылымына арнайы сұхбат берген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы осындай пікір-пайымын білдірді. 

Ведомство басшысы жасөспірімдер буынының кітапқа ден қоюы үшін жанрлар табиғатын жаңартуға үндейді.

 «Қазіргі жас өскіндер қиял-ғажайып шығармаларға, яғни фантастикаға, шым-шытырық оқиғаларымен еліктіретін детектив, суреті мен мазмұны қатар жарасым тапқан  комикс туындыларына үйірсек. Оларды әдебиетке бағыттар бастапқы жол - осы. Сол себептен осы тұрғыдағы кітаптарды көптеу басып, қорларды молайту, заманауи авторларға жәрдем білдіру – күн тәртібіндегі басты меже», – деді А. Ғaлымқызы.  

Сондықтан, жүйелі жұмыс атқару бойынша стратегиялық жобада шешім қажет.  Мәселен, мемлекеттің кітап шығаруға бөлетін қаржысын оңтайлы түрде пайдалануға тиістіміз. Көне сүрлеулерден алшақтап,  тақырыпты  жаңартуға баса мән берген абзал. Ақын-жазушыларға ұдайы қолдау  көрсетілген жағдайда өнімді еңбектер жарияға шықпақ.

Министрдің пікірінше,  бүгінде биыл аудиторияға жетуге тиіс әдебиеттер анықталған. Олардың санатында non-fiction,  публицистикалық және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен бірге, балалар және жасөспірімдерге арналған жинақтар, аударма еңбектер бар. Олардың үлесі 80%-ке көбейіп отыр.

Мемлекет тапсырысымен әр жылы қаламгерлердің кітаптары оқырманға ұсынылуда. Шығармалар әр аймақ-өңірлердегі кітапхана сөрелеріне ілкіліссіз жеткізілуде. Айталық, 2017 жылдан бастап 2024 жылға шейін  1 487 кітап жарық көріп үлгерген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша басылған кітаптардың тиражы да қомақты, 4 миллион 911 000 дананы құрайды. Авторларды шабыттандыру мақсатын көздеген министрлік  оларға гонорар төлеу жүйесін де бір ізге түсірген.   

Фото: adebiportal.kz