Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдің бұрынғы көлік министрі қызметтен босатылғаннан кейін өзіне қол жұмсады

Әлем
Ресейдің бұрынғы көлік министрі қызметтен босатылғаннан кейін өзіне қол жұмсады

Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бүгін Одинцово қалалық округінде жеке автокөліктен Ресей Федерациясының бұрынғы көлік министрі Роман Владимирович Старовойттың оқ тиген денесі табылды. Мәскеу облысы бойынша Ресей Тергеу комитетінің тергеу басқармасы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, болған жайттың мән-жайы анықталуда. Басты нұсқа — суицид», – деді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Айта кетейік, 7 шілде күні Ресей президенті Владимир Путин Старовойтты атқарып отырған қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойып, көлік министрінің міндетін атқарушы ретінде Андрей Никитинді тағайындады. Құжатта бұл шешімнің себептері көрсетілмеген.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Старовойттың отставкасы «сенімнен айырылуға» байланысты емес екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, 5-7 шілде аралығында Ресейдің әуе компаниялары әуе кеңістігін уақытша пайдалануға шектеулер енгізілуіне байланысты 485 рейсті тоқтатып, 1,9 мың рейсті кешіктірген болатын.

Роман Старовойт 2024 жылдың мамыр айынан бері РФ Көлік министрлігін басқарды. Оған дейін, 2018 жылдың қазанынан бастап Курск облысының губернаторы қызметін атқарған.

Фото: kremlin.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу