Тоқаевтың ашуы елдегі жағдайды реттеуге әсер ете ме?

  • 29.06.2020
  • Malim Админ

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес өткізіп жатыр. Ондағы айтқан сөздерінің үзік-үзігін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасына салып отыр. Бір сөзінде президент бірқатар шенеуніктерге сөгіс жариялап, риза емес екенін айтыпты.

"Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді.

Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы.

Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда."- депті Президент.

Тоқаев жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е. Тоғжановқа сөгіс жариялаған.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиевке ескерту жасаған.

Тоқаев бұл сөзінің барлық аймақ басшысына қатысты екенін ескертіпті. Ашуға мінген президенттің бұл сөздері елдегі жағдайдың оңалуына әсер ете ме?

Байланысты жаналықтар

"Тақ мұрагері болмайтын болды"

02.05.2020

Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге бөлінеді

04.09.2020

Жер реформасы – жауапты міндет

23.03.2021

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

10.03.2020

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

21.04.2021

Қазақстанда бәрінен де Мәсімовтің орынбасары көп

26.09.2020