"Ақтөбеде мәйітханалар толып кетті"

  • 29.06.2020
  • Жанар Қожанова

Ақтөбеде дәрі дәрмек пен медициналық қызметкерлердің жетіспеуінен ауруханада жатқан науқастар шетінен дүние салып жатыр. Жақындарынан айырылған  ақтөбеліктер  қаладағы мәйітханаларға  пневмания мен коронавирустан өлгендерді сағат сайын әкеліп жатқанын көздерімен көргендерін айтады. Сөздерінше тек бір түннің ішінде қырық адам қайтыс болған.

Үш күннен бері ауруханада жатқан ағасының  не өлі не тірі екенін  біле алмай сандалған Әлима БЕКСЕЙІТОВА ағасының денесін қазір ғана мәйітханадан іздеп  тапқанын айтады. Сөзінше дәрігерлер ағасының өлген хабарын  естіртпеген де.

«Бүгін ағамнан айырылдым.  Бір дәрігер шығып айтқан жоқ. Ешкім үйге хабарласқан жоқ. Малдың да сұрауы бар оның қасында. Адам баласы ғой, неге хабарласпайды? Неге айтпайды? Сендердің ағаларың кеше кешкісін қайтты деп. Мәйітханаға  өзім бардым. Өзім  тауып алдым. Мәйітхананың есігін ашып қалсаңыз адамдар коридорда жатыр», -дейді Әлима Бексейітова.

Кейбір тұрғындар  мәйітханаға сағат сайын жеткізілген мәйіттерді өз көздерімен көргендерін айтады. Алайда жауаптылар коронавирус пен пневманиядан өлгендердің саны жұрт айтақандай көп емес деп сендіріп отыр. Сөздерінше тек соңғы екі аптада 47 адам пневманиядан қайттыс болған. Ал дәріханалардағы тапшы дәрі дәрмек пен жетіспейтін дәрігерлердің  мәселесін енді шешіп жатқан көрінеді.

«Маусым айының ішінде біздің Ақтөбе облысында 47 науқас пневманиядан өкінішке орай көз жұмды. Олардың көбісі егде жастағы адамдар. Бүгіннен бастап қосымша мед университеттің аға оқытушыларын, профессорларды, доценттерді жұмысқа тарту бойынша шешім қабылдадық. Біздің медицина қызметкерлеріне үлкен көмек көрсетеді деген сенімдеміз», - деді Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет ҚАЛИЕВ.

Қазір  Ақтөбе облысы бойынша пневмания жұқтырған  мыңға жуық науқас ауруханаға жатқызылса, 807-cі амбулаторлық ем алуда.  Жағдайы нашар 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Фото автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Алматылық аула тазалаушылар

10.04.2021

42 500-ді қайтарғың келсе – қайтар, қайтарғың келмесе – қайтарма

20.04.2020

Нұр-Сұлтанның көшелері көлге айналды

27.06.2020

Қазалы Венецияға айналып барады

29.04.2020

Байлық салығын көбейтсе, 165 адам кедейленіп қалмайды

12.05.2020

Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған дұрыс?

12.04.2021