Қызылордада дәріханалар дәрісіз қалды

Абай Нұржанұлы

  • 30.06.2020

Елімізде коронавирус дендеп, ауруханаларда орын болмай жатқаны аздай, тұрғындардың дәріханалардан қарапайым парацетамол мен аспирин таппай әбігерленіп жүргендеріне бірнеше күн болды. Мәселен Қызылордада дәріханалардың алды ұзын-сонар кезек. Қажетті деген дәрілердің жетіспеушілігінен жүйкесі әбден жұқарған жұрт жанталасып жүр.

Мәлім кз сайтының тілшісі облыс орталығындағы бірқатар дәріханаларды аралап шықты. Қаланың дәріханаларын шарлап шаршадық деген тұрғындар ондағы кезекті күтпей,  дәрілерін сырттан айқайлап сұрайды. Бірақ көбі тек «жоқ» деген жауапты естіп, амалсыз кері бұрылып кетеді.

«Кешеден бері ауырдық. Ешқандай антибиотиктер қала бойынша жоқ. Мынау сұмдық. Тяжолый болып, отказной болып больницадан шығарып келе жатырмыз осы тұрғанда»,- дейді қара тұрғыны Марат ОЛЖАСҰЛЫ.

«2-3 күн болды дәріхананы кезіп жүргенімізге. Қазірдің өзінде мына жерде 30-40 адам тұр. Келесі дәріханаға бардым. Онда да керек дәріміз жоқ», - дейді тағы бір тұрғын Армангүл ТАУДАНОВА.

Дәріхана басшылары бұрын екі айда сататын дәрілеріміз қазір бір күнде таусылып қалып жатыр дейді. Тіпті тұрғындар өздері сұраған антибиотиктерді емес, сол дәрілердің баламаларын да жапа-тармағай алып жатқанын айтады.

«Бізде сұраныс өте көбейіп кетті. Сұраныс кейбір дәрілерге 50 есе көбейіп кетті. Бірақ дәрілер жоқ емес, келіп жатыр», - дейді   «Фарматека» компаниясы директорының орынбасары Абылай СЕЙІЛХАНОВ. 

Мамандар тұрғындарға пневмония немесе коронавирус ауруының белгілері білінсе,бүгінде жетіспей жатқан дәрілерді өз бетінше бей-берекет пайдалана беруге болмайды дейді. Дәрігердің тағайындауынсыз пайдаланған антибиотиктер имунитетті одан сайын әлсіретіп жіберуі мүмкін деп ескертеді.

«Қазіргі таңда бізде ыстықты түсіретін 1,5 млн-дай дәрі сертификаттаудан өтуде. Антибиотиктердің 2 млн қорабы сертификаттаудан өтуде. Вирусқа қарсы 200 мыңдай дәрінің қорабы өтуде. Осы сәрсенбі күні Зерде дәріханасында, ал аптаның аяғына дейін «Фарматика» дәріханасына дәрілер үлкен көлемде келеді», - дейді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек ӘДІЛХАНОВ.

Қызылордадағы дәрі тапшылығы апта соңына дейін шешіледі деді мамандар.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Магистрант министр орынбасары болды

02.02.2020

Пандемия әлі 7 жылға созылуы мүмкін

06.02.2021

Макс Боқаев жолы: Алаңнан - түрмеге, түрмеден - алаңға

04.02.2021

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

26.07.2020

"Денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жоқ"

27.06.2020

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

02.08.2021
MalimBlocks
Магистрант министр орынбасары болды

Пандемия әлі 7 жылға созылуы мүмкін

Макс Боқаев жолы: Алаңнан - түрмеге, түрмеден - алаңға

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

"Денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жоқ"

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

Ресми деректерге сәйкес, еліміздегі жастардың 96 %-ы жұмыспен қамтылған. Бірақ бұл көрсеткіш олардың бәрі бірдей жақсы жерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алады деген сөз емес. Тіпті көп жағдайда керісінше болып жатады. Malim.kz тілшісі Айшолпан Керім жұмыс іздеудегі өз тәжірбиесін бөлісіп, өзге студенттермен де сөйлесіп, іс-тәжірбиесі мүлде жоқ жас мамандар не істесе болады деген сұраққа қатысты сарапшы пікірін сұрап көрді.