Тоқаев: Қордай ауданының әкімі қызметінен алынсын

Malim Админ

  • 10.02.2020

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында болған қанды оқиға байланысты бірқатар шенеуніктерді қызметінен алуды бұйырды. Бұл туралы  malim.kz сайты АҚОРДАҒА сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды», - делінген хабарламада.

2020 жылдың 7 ақпан күні Жамбыл облысындағы Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында жергілікті тұрғындар арасынжа жанжал болған. Бұл елді мекендерде көбіне дүнген ұлтының азаматтары көп шоғырланған. Ресми деректер бойынша сегіз адам қайтыс болып, қырықтан астам адам жарақаттанған. Полиция «адам өлтіру», «тәртіпсіздікті ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық істер қозғады.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Қалай ғана сияды денең көрге?

18.05.2020

Цой бес күн бұрынғы болжамды өзгертті

19.07.2021

Симптомсыздарды неге бөлек есептейді?

08.06.2020

Бақыт СҰЛТАНОВ: Дағдарыста бірігу керек

10.03.2020

Бішкекте өзбек автобустары жүр

23.06.2021

Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді

20.05.2021
MalimBlocks
Қалай ғана сияды денең көрге?

Цой бес күн бұрынғы болжамды өзгертті

Симптомсыздарды неге бөлек есептейді?

Бақыт СҰЛТАНОВ: Дағдарыста бірігу керек

Бішкекте өзбек автобустары жүр

Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді