Белгілі актер Дархан Дайырбек қайтыс болды

Malim Админ

  • 08.07.2020

Театр және кино актері Дархан ДАЙЫРБЕК 8 шілде күні таң ертең ауруханада қайтыс болды.

«Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын! Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой... Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, кергегіңді жеткізсе де араша бола алмадық... сенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым... Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын... Бақұл бол!» деп жазды әріптесі Асқар НАЙМАНТАЕВ.

Әзірге актердің нақты неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ. Кеше ғана Дархан Дайырбектің ауруханада жағдайы нашарлап жатқанын Жарылқап ҚАЛЫБАЙ жазған.

«Менімен аурухананың бір бөлмесінде жатқан "Терісқақпай" театрының актері, бірнеше киноға түскен Дархан Дайырбектің дем алуы нашарлаған соң 6 күн бұрын Жансақтау бөліміне ауыстырған. Екі күннен бері ватсабы жауап бермеген соң дәрігерімнен көмек сұрап едім, жағдайы нашар екенінін әріптестерінен біліп берді. Осыған байланысты Дарханның туыстары мен достарының шұғыл түрде ауруханаға келіп, жағдай сұрап, хабарласып, қолынан келген көмектерін аямауды өтінемін», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Дархан Дайырбек – 1968 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Терісқақпай» әзіл-сықақ театрының әртісі; «Әкім», «Құдалар», «Қазақша тонау», «Сүрбойдақ», «Келинка Сабинка-2», «Бес күндік күйеу», «Мен күйеу баламын», т.б. фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Қазақстанның мәдениет қайраткері.

Байланысты жаналықтар

Қалай ғана сияды денең көрге?

18.05.2020
MalimBlocks
Қалай ғана сияды денең көрге?