Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: балалардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Malim Админ

  • 19.04.2025

Жарысқа қатысу үшін Павлодардан Астанаға келе жатқан «Мерседес» маркалы шағын автобус жол апатына ұшырады. Апат салдарынан  жеті бала зардап шегіп, Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың біреуі — жансақтау бөлімінде. 

Дәрігерлер Павлодар-Астана жолында көлік апатына түскен балалардың жағдайы туралы айтты.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 154-ші шақырымында болған жол-көлік апатынан 1990 жылы туған ер азамат қаза болды. Кәмелет жасына толмаған жеті жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде. Баланы облыстық нейрохирург қарап шығып, симптоматикалық ем тағайындалды. Өзге алты бала жеңіл және орташа ауырлықта жарақат алған, барлығы хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Жарақаттан аман қалған тоғыз бала аурухананың стационарына орналастырылды, — деп мәлімдеді Ерейментау аудандық ауруханасынан.

Дәрігерлер қазіргі уақытта стационарда төрт бала қалғанын, олар өз ата-аналарын күтіп отырғанын жеткізді.

Барлық медициналық және ұйымдастыру іс-шарасы қабылданды. Ауруханада ем қабылдап жатқан балалардың жағдайлары тұрақты. Жағдай Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, — деп хабарлады ауруханадан.

Ал Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы мен құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барғанын хабарлады.

Балаларды алып келу үшін көлік ұйымдастырылған. Бірақ ата-аналар балаларын өздері алып кетіп жатыр, — деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Фото: Gov.kz  

Байланысты жаналықтар

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

19.04.2025

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

19.04.2025

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

05.04.2025

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті: автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

04.04.2025

Алматыда 7 жасар қыз жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты: жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

03.04.2025

Ақмола облысы жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза болды

25.03.2025
MalimBlocks
Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

Қарағандылық "Шахтер" клубының және Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач 39 жасында жол апатынан қаза тапты

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті: автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Полицейлер Алматыда болған жол апатына қатысты автобус жүргізушісін жауапқа тартты. Жаяу жүргіншілер өткелінде қызды өткізбеген автобус жүргізушісі туралы сөз болып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді

Алматыда 7 жасар қыз жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты: жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

Алматыда 7 жасар қызды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

Ақмола облысы жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза болды

23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды