457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

7 айда 176 бала көлік апатынан көз жұмған

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев елімізде 7 айда көлік апаттарынан 176 бала қайтыс болғанын мәлімдеді.


Өкінішке қарай, жеті айда жол апаттарында 176 бала қаза болды. Бұл — орны толмас шығын. Біздің қолымыздағы ең қымбат бағалы дүние — балалардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгенше аянбауымыз керек. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбісі жолаушы ретінде қайтыс болған. Қалғандары — жаяу жүргіншілер, соның ішінде велосипедші, самокатшы немесе мопед жүргізгендер, — деді ол.

Комитет басшысының сөзінше, көп жағдайда балалар көлік ішінде балаға арналған қауіпсіздік құрылғылары мен (автокресло, бустерлер, адаптерлер және т. б.) қауіпсіздік белдіктерін қолданбау салдарынан қаза болған.

Жол апатында көбіне жаяу жүргінші-балалардың өздері кінәлі болып жатады, Ал ең өкініштісі, жолды кез-келген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету жиі тіркеледі. Кейбір балалар тіпті жолдан өтерде жан-жағына қарау керек екенін ұмытып кетеді, себебі бұрылыстан көлік шығып қалуы мүмкін. Ал қараңғы мезгілде, әсіресе ымырт түскенде жүргізушілер жаяу жүргіншілерді байқамай қалуы мүмкін. Өйткені олар киімдеріне жарық шағылыстыратын элементтерді қолданбайды. Сондықтан балаларға өте сақ болуды және көлік жүргізушісі жол берегеніне көз жеткізуін үнемі түсіндіріп отыруымыз керек, — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Ресми мәлімет бойынша, 2024 жылы жол-көлік апатынан 2 452 адам мерт болған. 

Фото: Report