457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үржардағы жол апаты: зардап шеккен үшінші бала Семейге жеткізілді

Абай облысында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен үшінші бала Семейге санитарлық авиация бортында жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы апат салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған. Олардың екеуі Астанаға жеткізілсе, тағы бір қыз бастапқыда аудандық ауруханада қалған еді. 23 тамызда ол санитарлық авиациямен Медициналық университеттің Семейдегі госпиталіне ауыстырылды.

«Алған жарақаттарының ауырлығына және өміріне төнген қауіпке байланысты баланы бірден облыс орталығына жеткізу мүмкін болмады. Дәрігерлердің бақылауынан кейін жағдайы қанағаттанарлық деп танылып, Семейге тасымалдауға шешім қабылданды», – делінген Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, апаттан кейін алғашқы күндерден бастап Семей медицина университетінің мамандары Үржар аудандық ауруханасында көмек көрсетіп, кейін баланы аймақтық орталыққа дейін бірге алып жүрді.

Фото: freepik.com