Ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқастың жағдайы айтылды

Төртеуі жансақтау, екеуі травматология бөлімінеж жатыр

Мәди Саматұлы

  • 28.12.2024

Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас емін жалғастырып жатыр. Оның төртеуі жалпы жансақтау орталығында, жағдайлары ауыр. Барлығы өкпенің жасанды желдеткішіне қосылған. Естері медикаментозацияда, қанайналымы вазопрессорда. Екі науқастың вазопрессорының дозасы төмендетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, тағы екеуі травматологияда. Жағдайдың нашарлауы байқалмайды, бір пациент вазопрессорлардан шығарылады және бір зардап шеккен адамның тониктерінің дозасы 3-тен 1-ге дейін төмендетілді.

Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау органдарымен 3 зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша мәселелер пысықталу үстінде. Оның ішінде екеуінің жағдайы тасымалдауға келеді, біреуі ауыр жағдайда, ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Әзербайжан Республикасынан екі пациентті эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлермен консилиум өткізу, олардың тасымалдау жағдайындағы жай-күйіне баға беру жоспарланған.

Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген еді.

Пациенттер әр түрлі жарақатпен келген. Негізінен мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Астана-Ақтау ұшағынан өрт шықты

23.02.2025

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

19.02.2025

Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

07.02.2025

Шымкентте жүзден аса науқас мүгедектігін анықтау сараптамасына жіберілмеген

27.01.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

24.01.2025

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

16.01.2025
MalimBlocks
Астана-Ақтау ұшағынан өрт шықты

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

Шымкентте жүзден аса науқас мүгедектігін анықтау сараптамасына жіберілмеген

Медицина ұйымдарының 42 қызметкері жауапқа тартылды

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

Есепте авиациялық биліктердің әуе оқиғасын тергеу мәліметтері берілуі тиіс

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

Желіде «қара жәшік жазбаларының» күмәнді мәтіні жарияланған еді