457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Бас сүйегі сынып, миына қан құйылған": Қостанайда соққы алған дәрігер Астанаға жеткізілді

Костанайлық науқас ұрып-соққан дәрігер Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Костанай облыстық ауруханасының дәрігері, науқастың шабуылынан зардап шеккен маман, бүгін санитарлық авиациямен шұғыл түрде Астанаға жеткізілді.

Ол енді Республикалық жетекші мамандардың қатысуымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында арнайы ем алады.

Урология бөлімінің хирургі Антон Кистанов күрделі операцияны аяқтағаннан кейін қабылдау бөліміне түсіп, жұмысын жалғастырмақ болған. Алайда кезекте тұрған науқастардың бірі кенеттен ашуға бой алдырып, еш себепсіз дәрігерге соққы жасап, салдарынан дәрігер есінен танып қалған.

Дәрігер реанимацияға мынадай диагноздармен жатқызылды: ауыр дәрежелі бас миының жарақаты, миға жедел қан құйылу, бассүйек негізінің жабық сынығы.

Мамандардың консилиумынан кейін дәрігерді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізу туралы шешім қабылданды. Ол жақта оған қарқынды ем мен бақылау жүргізіледі.

«Медицина қызметкерлеріне қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шұғыл ауруханалар, балалар және перинаталдық орталықтардағы қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы полиция постарын қою туралы шешім қабылдады», – деді бүгін әлеуметтік желіде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Министр қыркүйек айында медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейту жөніндегі заңнамаға өзгерістер Парламентке енгізілетінін еске салды.

Сондай-ақ дәрігерлердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында медициналық мекемелер бейнебақылау камераларымен, күзетпен, дабыл түймелерімен, ал жедел жәрдем бригадалары бейнежетондармен жабдықталатын болады.

Фото: gov.kz