Тоқаев Біртановты жауапқа тартпақ па?

  • 08.07.2020
  • Malim Админ

Бүгін кешке халыққа үндеу жасаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесі індетке дайын болмай шыққанын айтты.
"Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатыр. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз", - деді Тоқаев.
Ал орыс тіліндегі мәлімдемесінде Тоқаев бастапқыда енгізген карантин шаралары нәтижесін бергенімен, халықтың жаппай сақтық шараларын сақтамауы, денсаулық сақтау министрлігі бұрынғы басшылығының жүйелі қателіктері мен әкімдердің қателері үшін коронавирустың екінші толқынына тап болып, пневмония өршігенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені індеттен қайтыс болғандарды еске алуға арналған аза күні деп жариялады.

Байланысты жаналықтар

Шымкент «ақылды қалаға» айналады

18.03.2021

Ит зорланған соң «Астана Ветсервис» директоры қызметінен кетті

13.09.2020

Мемлекеттік хатшы Семейге келді

29.08.2020

«Nur Otan қазақты бақытқа жетелей берсін»

12.06.2020

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020

Эстония президентіне Мәскеудегі парадқа барудың қажеті жоқ

04.02.2020