Алматы облысының екі үлкен шенеунігі қайтыс болды

Malim Админ

  • 10.07.2020

Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті.

Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады. «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», - деді Ғ.Жүкел. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында. Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады. Үш баланың әкесі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан қайтыс болды. 1960 жылы дүниеге келген. Екі баланың әкесі. 2012 жылдан бері Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.

"Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Байланысты жаналықтар

Бақауовты босатыпты

19.02.2020

Сара Назарбаева 79 жасқа келді

12.02.2020

Шамаң келсе, шығып көр немесе Алматы пандустарының машақаты

01.04.2021

Әкім 500 сиырмен кездесті

12.05.2021

Бекшин: Алматыда "үнді" штамы анықталды

23.06.2021

Ахметовтен үміт үзгендер Тоқаевқа хат жолдады

04.05.2021
MalimBlocks
Бақауовты босатыпты

Сара Назарбаева 79 жасқа келді

Шамаң келсе, шығып көр немесе Алматы пандустарының машақаты

Әкім 500 сиырмен кездесті

Бекшин: Алматыда "үнді" штамы анықталды

Ахметовтен үміт үзгендер Тоқаевқа хат жолдады