Қайтыс болған дәрігерлердің отбасы Тоқаев айтқан 10 миллионды алған жоқ

Malim Админ

  • 16.07.2020

Шымкент қаласында соңғы бір айда тоғыз ақ халатты абзал жан қайтыс болған. Ішінде дәрігер де, медбикелер де бар. Олардың алтауына қазаларынан кейін короновируспен батыл күрескендері үшін «Құрмет», «Барыс», «Парасат» ордендері берілген.

Бірақ бұл дәрігерлер мен медбикелердің қазасы коронавирустан емес, пневмониядан болған екен. Сондықтан қайтыс болған ақ халаттылардың туыстарына 10 миллион берілмейді екен.

Бұны Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

«Біз Бұл індетпен күресіп жүрген дәрігерлерді тастап қоймаймыз. Бізде қазір коронавируспен ауырған науқасты емдеу барысында дерт жұқтырып, содан қайтыс болған дәрігер жоқ.

Бірақ көбі ауырады да, ары қарай жұмыс істей береді. Жазылып шығып, бірден жұмысқа кіріседі. Бар қажырымен күресіп жатқан баршасына рахмет айтамыз», – дейді шымкент әкімі Мұрат Әйтенов.

ДДСҰ соңғы кезде Қазақстандағы белгісіз пневмонияға туралы пікір білдірген еді. Мамандардың пікірінше бұл да Ковид-19. Бірақ елімізде әлі пневмонияны коронавирус деп мойындаған жоқ. Пневмониямен қайтыс болғандарды да жалпы қайтыс болғандардың санына қосқан жоқ. Қазір коронавируспен қайтыс болғандарға қарағанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны әлдеқайда артық деп дабыл қағылып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Карантинде әбден зеріккен диван сыншылар мен "сарапшылар" көп

14.04.2020

Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

26.09.2020

Вирус жұқтырған дәрігерлерге Тоқаев араша түсе ме?

14.04.2020

Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

28.12.2020

Атыраулық ерікті: Біз енді қанша күн шыдаймыз?..

14.07.2020

Назарбаевқа ассамблеяны өмір бойы басқару құқығы берілмек

24.06.2021
MalimBlocks
Карантинде әбден зеріккен диван сыншылар мен "сарапшылар" көп

Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Вирус жұқтырған дәрігерлерге Тоқаев араша түсе ме?

Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

Атыраулық ерікті: Біз енді қанша күн шыдаймыз?..

Назарбаевқа ассамблеяны өмір бойы басқару құқығы берілмек