Ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

  • 16.07.2020
  • Malim Админ

Көпбалалы ана Мейрамгүл Мұқаева Алматы облысындағы Панфилов аудандық аурухананың провизорлық бөлімде ауырып жатқан науқастарға тегін саумал әкеледі.

Панфилов ауданындағы Шолақай ауылының тұрғыны Мейрамгүл Мұқаева күнде таңертең ауруханаға 10- 15 литр саумал жеткізеді. Бұдан бөлек сауыншы апаның үйінен саумал ішетіндердің де қарасы көп. «Қазір еліміз қиын кезді бастан өткізіп жатыр. Жерлестерім, жақындарым аурып жатқанда менің қолымнан келетін көмегім осы. Саумал барлық ауруға шипа. Сондықтан ауруханаға көмек етейін деп шештім»,- дейді көпбалалы ана. Ал, аудандық бас дәрігер Төлеу Сарпеков саумалдың науқастарға пайдасы бар екенін айтады. «Қазір саумал келген бойда емделушілерге нормамен беріп жатырмыз. Осы орайда Мейрамгүл апамызға аурухана ұжымы атынан алғыс білдіремін»,- деді ол. 1964 жылдан бері бие байлап, саумалың емдік қасиетін пайдаланып келе жатқан сауыншы бес бала тәрбиелеп, немерелеріне жылқы малының пайдасын үйретумен келеді.

Байланысты жаналықтар

40 миллионнан астам совет азаматтары репрессияға ұшыраған

30.05.2020

Саяси партиялардың өкілдері Тәуелсіздік монументіне гүл қойды

16.12.2020

«Еңбектен» кәсіп тапқандар баршылық

22.08.2020

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

12.05.2020

Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

30.04.2021

Алматы толықтай жабылады

18.03.2020