Мәмидің күйеубаласы қызметінен кетті

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды" деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өткен айдың соңындағы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған біраз шенеуніктердің жұмысын сынға алды. Сонда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ескерту алған болатын.
48 жастағы Асқар Жұмағалиев мемлекеттік басшылық қызметке ерте араласты. 32 жасында Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасын басқарды. "Қазақтелеком", "Қазатомөнеркәсіп" компанияларын, бірнеше министрлікті басқарды.
Қазақстанды цифрландыру науқынының басы қасында негізінен Асқар Жұмағалиев жүрді. Әрине, цифрландыру жұмысында аз жұмыстар атқарылған жоқ. Бірақ, бұл жұмыстарға қыруар қаржы да бөлінді.
Елге коронавирус індеті келіп, төтенше жағдай орнаған сәтте цифрландыру жұмысы өте нашар жүргені білініп қалды. Мәселен, онлайнда білім беру көптеген кедергілерге ұшырады. Ал, әлеуметтік жердем алуға өтініш беру қияметке айналды.
Асқар Жұмағалиев жалпы жұртқа саясат элитасының басында ұзақ жүрген, бүгінде Конституциялық кеңестің төрағасы боп отырған Қайрат МӘМИДІҢ күйеу баласы ретінде де танымал.

Ең көп оқылған
Өзбектерді той шығыны мазалайды
Политика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00
Трамп Украинаға жаңа қаржылай көмек бөлуі мүмкін
Политика
|
13.07.2025 17:09
2025-07-13 17:09:00
"Вагнер" мүшесі Финляндия шекарасында ұсталды
Политика
|
13.07.2025 11:58
2025-07-13 11:58:00
Ким Чен Ын: Солтүстік Корея Ресейдің барлық қадамдарын қолдайды
Политика
|
13.07.2025 11:04
2025-07-13 11:04:00
Трамп Путинге Украина бойынша келісімге келу үшін 50 күн берді
Политика
|
14.07.2025 22:23
2025-07-14 22:23:00
МӘМС-ке өзгеріс енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды
Политика
|
14.07.2025 19:23
2025-07-14 19:23:00
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады
Политика
|
13.07.2025 09:03
2025-07-13 09:03:00
