"Сауат ашу" орнына қайтадан "Әліппе" оқытылады

"Сауат ашу" орнына қайтадан "Әліппе" оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Министрдің айтуынша, "Әліппе" мен "Ана тілі" мектеп бағдарламасына 2021 жылы қайта енгізілмек. Мектепке барған бүлдіршіндер алғашқы екі тоқсанда "Әліппені", одан соңғы екі тоқсанда "Ана тілін" оқитын болады.
"Жақында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі – келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды.
Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі".
Министр Аймағамбетовтің айтуынша, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.
Қазір оқулықтарды әзірлеу бойынша бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр.
"Оның құрамында мықты тіл мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен бұған дейін оқытылған «Әліппе» оқулықтарының авторлары бар. Орынбасарым Шолпан Каринова осы жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп те үлгерді. Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Кейін басқа мектептерге жіберілетін болады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда", - деді министр.
Айта кету керек, 2016 жылы "Әліппені" мектеп бағдарламасынан алып тастап, оның орнына "Сауат ашу" оқулығын енгізу туралы шешім шыққанда, қоғам мүлде құптамаған. "Әліппе" оқулығы 1913 жылдан бастап мектеп бағдарламасына енген.

Ең көп оқылған
Өзбектерді той шығыны мазалайды
Политика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00
Трамп Украинаға жаңа қаржылай көмек бөлуі мүмкін
Политика
|
13.07.2025 17:09
2025-07-13 17:09:00
"Вагнер" мүшесі Финляндия шекарасында ұсталды
Политика
|
13.07.2025 11:58
2025-07-13 11:58:00
Ким Чен Ын: Солтүстік Корея Ресейдің барлық қадамдарын қолдайды
Политика
|
13.07.2025 11:04
2025-07-13 11:04:00
Трамп Путинге Украина бойынша келісімге келу үшін 50 күн берді
Политика
|
14.07.2025 22:23
2025-07-14 22:23:00
МӘМС-ке өзгеріс енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды
Политика
|
14.07.2025 19:23
2025-07-14 19:23:00
Ришат Хайбуллин Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
Политика
|
13.07.2025 15:07
2025-07-13 15:07:00
