Цой 234 мың науқасты коронавирус статистикасына қоспайды

Malim Админ

  • 23.07.2020

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кеше "Хабар 24" арнасында Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында 1 тамызға дейін анықталған пневмонияға шалдыққан науқасты коронавирус статистикасына қоспайтынын мәлімдеді. Коронавирус белгісі бар, ПТР тест нәтижесі теріс пневмонияны министрлік тек 1 тамыздан бастап қана есепке алынбақ.

А.Цойдың сөзінше, қаңтардан шілденің ортасына дейін елде 234 187 адам пневмониямен ауырған, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 есе көп. Цойдың айтуынша, бұған вирусты, бактериалды және коронавирус белгісі бар барлық пневмония кірген.

Цойдың сұхбатынан түсінгеніміз, министрлік пневмонияға шалдыққан 234 мың адамды қазіргі коронавирус статистикасына қоспайды әрі олардың ішінен қанша адам коронавирус пневмониясымен ауырғанын анықтап жатпайды. 1 тамыздан бастап министрлік сол кезден бастап тіркелген пневмонияны бөлек көрсетіп отырмақ.

"Тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталғандарды көрсетіп отырамыз, бұған қосымша коронавирус белгісі бар пневмонияны бөлек береміз", - деді министр.

17 шілде күні өткен брифингіде А.Цой 1 тамыздан бастап коронавирус белгісі бар, ПТР нәтижесі теріс пневмонияны коронавирус статистикасына қосып есептейтінін мәлімдеген. Министр бұл коронавирус бойынша статистиканы нашарлатса да, мәліметтерді ашық ете түсетінін айтқан.  Ал оған дейін 10 шілдеде министр коронавирус белгісі бар пневмонияны тіркеп жатқанын мәлімдеген.

А.Цой 1 қаңтаран 15 шілдеге дейін 234 187 адам пневмонияға шалдығып, 3327 науқас қайтыс болғанын мәлімдеген.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

30.12.2020

Қазақстан кедей елдерге жарты миллиард доллар көмек берді

27.09.2020

Қордай оқиғасына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

11.02.2020

Бас санитар қателігін мойындады, Біртанов ше?

03.09.2020

Жұмыс субсидиясы: «өгізді өлтірмейді, арбаны сындырмайды»

26.07.2020

Коронавирус енді азық-түліктен табылып жатыр

26.09.2020
MalimBlocks
Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

Қазақстан кедей елдерге жарты миллиард доллар көмек берді

Қордай оқиғасына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Бас санитар қателігін мойындады, Біртанов ше?

Жұмыс субсидиясы: «өгізді өлтірмейді, арбаны сындырмайды»

Коронавирус енді азық-түліктен табылып жатыр