Мұнай өндеушілер медицина саласына көмек көрсетті

Malim Админ

  • 23.07.2020

Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қоры бірлесіп, Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.

Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1 мың дана қорғаныш киімдерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жұқпалы індетпен күресте еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді. Айта кетейік, бүгінде қаладағы провизорлық орталықтарда 3610 төсек орын болса, оның 260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200 науқас ем қабылдап жатыр. Орталық қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу қондырғыларымен толық қамтылған. Бұған дейін қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.

Дереккөз: kazinform.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks