Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

Malim Админ

  • 28.07.2020

Бүгінгі Үкімет отырсында Алматы мен астана қалаларының әкімдері коронавирус індетімен күресті қалай жүргізіп жатқандарын баяндады.

Алматыдағы коронавирус жұқтырғандардың өсуі 2,2 пайызға дейін төмендеген.  10 955  коронавирус  жұқтырғанның  6 341-і емделіп шыққан.  73 адам қайтыс болған. Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақырулар саны 4 есе азайған. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам төмендеген. Емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайған.

Пандемиямен күресу және жаңа толқынның басталуына дайындық жұмыстары күшейтілген. Жедел жәрдем бағытының жаңа моделі жасалған. Негізгі клиникалық-диагностикалық бағыттар бойынша штаттан тыс мамандардың институты құрылған. Жалпы қалалық зертхана желісі орталықтандырылған. Алғашқы медициналық жәрдем бөлімшелері ковидпен күресуге бейімделген. Амбулаториялық деңгейде мобильді бригадалар қызмет етіп жатыр екен. Қауіп  тобына жатқызылған пациенттермен Мониторинг орталығының жетекші мамандары жұмыс істеуде.

«Қаладағы барлық реанимацияларды  бақылау үшін жедел әрекет ететін Реанимациялық топ құрылған. Инфекциялық стационарларды эшелондау және пациенттерді іріктеу жүйесі енгізілді.  Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аурухана ішінде ауру жұқтырудың алдын алу шараларын бақылау күшейтілді. Қаланы санитарлық-эпидемиологиялық қорғау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Бүгінгі күні ковидпен күреске 27 медицина ұйымы тартылған. Жалпы төсек қоры 6096 орынды құрайды. Төсек-орындардың бос болмауы 90 пайыздан  50%-ға дейін азайды. Пандемияның екінші толқынына дайындық шеңберінде жағдайы ауыр науқастарға арналған бірінші эшелон стационарларындағы инфекциялық төсек орындарын – 1015 орынға көбейтеміз. Тамыз айының соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға беріледі. Қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орынға арналған тез салынатын тағы бір инфекциялық госпитальды іске қосамыз. Келесі аптаның басында алаңға шығамыз».

Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жеке қорғану құралдарын сатып алуға жергілікті бюджеттен 68,5 млрд. теңге бөлініпті.

Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша Тұрақтандыру қоры құрылып, оған 10 млрд. теңге бөлініпті. Оның ішінде дәріхана желісін қамтамасыз етуге  - 5 млрд. теңге, стационарларға – 5 млрд. теңге. Бүгінде қала қоймаларында 2,8 млн. препараттардың қоры бар екен.

«Осы аптаның соңына дейін Тұрақтандыру қорының есебінен тағы 3,8 млн. қаптама әкелінеді. Жұмыс жалғасуда. Жағдай тұрақты. Кезек жоқ. Мұны Жедел желіге хабарласулар санынан анық көруге болады. Егер аурулар ең көп тіркелген кезде (14 шілде) 1.1 мың өтініш берілсе, 26 шілдеде барлығы 65 өтініш келіп түскен. Қала жеке қорғану құралдарымен тамыз айының соңына дейін қамтамасыз етілген» дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ал астанада коронаирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 67,1 пайызы  емделіп шығыпты (Жұқтырғандар саны – 10 070. Емделіп шыққандары  – 6766. Қайтыс болғандары туралы әкім тіс жармайды-ред.).

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, қабылданған бірқатар шаралар нәтижесінде карантин енгізілген сәттен бастап КВИ бойынша жағдайдың нақты тұрақтануы байқалады. Өз кезегінде денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайды. Жедел жәрдемге тұрғындардың жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдемге жүгіну тәулігіне 500-ден 73-ке дейін азайды. Елордада стационарлардың жүктемесі де реттелді. Жедел шаралар нәтижесінде 99%-тен 45%-ке дейін төмендеді. Пневмониямен жатқан адамдар саны 45% пайызға, яғни 1348 ден – 746 ға дейін азайды» деп нақтылайды Алтай Көлгінов.

Індет әбден өршіп кеткен соң астанада компютерлік томографиядан науқастарды тексеру уақыты тәулікке ұзарған. Ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықдалған төсек орын қойылып, 350 оттегі концентрат, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алынған.  Қаладағы колледждерден 275 жас маман емханаларда жұмысқа орналастырылған. Медициналық университеттен 300 студент көмекке жұмылдырылған.  Айтпақшы, шетелден келген 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 миллион қаптамасы қала дәріханаларына теңдей таратылыпты. Осы гуманитарлық көмек болмағанда елдің жағдайы нендей болатынын ойлаудың өзі қорқынышты-ақ.

«12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие фармакологиялық топтарға кіретін: вирусқа қарсы, антибактериалды терапия, антикоагулянттар және антикоагулянттар жеткізілді. Дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, дистрибьютерлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді. Дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп жеткізілді, қазіргі күні шамаман 1-айға жеткілікті қор қалыптастырылды. Оларды Феникс, Гиппократ, Цветная, Максим Фарм, жеке, Медилаб, Салауат, А-Фарма дәріханаларынан алуға болады»,- депті Алтай Көлгінов баяндамасында.

Міне, көріп отырсыздар, әкімдердің сөздері тамаша. Істерінде мін жоқтай.

Кемшілік, қателік, қиындық бар демейді. Айтқандарына сене қалайын десең, көңілде күдік бар. Неге десеңіз, өткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі «әкімдер мен министрлер шынайы ақпарат бермейді, шұғыл шешімдер қабылдап, жұмысты ұйымдастыра білмейді» деген. Содан кейін сырттан жеткен гуманитарлық көмек ел ішіндегі індеттің өршуін тұрақтандырып, тыныштандырғандай еді. Жағдай да тұрақталды, дәріханадағы кезек те азайды.

 

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

16.03.2024

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

08.08.2023

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

19.07.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022
MalimBlocks
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының тәркіленген сағаты аукционда 197 миллион теңгеге сатылды.

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.