Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қыруар былығын жариялады

Қордың 56 млн-ға жуық көрсетілген медициналық қызметі расталмай шыққан

Мәди Саматұлы

  • 27.01.2025

2024 жылы Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп, онда көптеген кемшілік анықталған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, мәселен, Қордың қолданыстағы Қаржы моделінің болжамына сәйкес, таяудағы 5 жылда Медициналық сақтандыру жүйесінің ағымдағы дамуы оның тұрақсыздығына әкеп соғады деп қарастырылып отыр. Нақтырақ айтсақ, Қордың болжамды түсімдері мен шығыстарына сәйкес 2026 жылға қарай жыл сайынғы шығыстары түсімдерден асып түсіп, Қор 2031 жылдан бастап міндеттемелерін орындай алмайды деп есептеліп отыр.

Одан бөлек, Қор Регламентіне қайшы келетін қаржылық моделінің түсімдерін қалыптастыру кезінде демографиялық болжамның орнына халықтың орташа өсімі қолданылғаны анықталған. Сондай-ақ, инвестициялық табысты есептеу кезінде қаржы құралдары бойынша сыйақының орташа мөлшері 13,5%-дың орнына 11%-ға дейін төмендетіліп есептелген.

Медициналық қызметтерге арналған шығыстарды қаржыландыруға пайдаланылмайтын резервтерді қарастыруға қатысты кемшіліктер анықталды. Осылайша, аудит арқылы 2022-2023 жылдарға арналған қаржы моделінің кіріс және шығыс бөлігі жалпы көлемі 351,1 млрд теңгеге дұрыс қалыптастырылмағаны белгілі болды, деді Нұрлан Нұржанов.

Медициналық қызметтерді бірлесіп орындаушылармен интеграцияланған және ашық ақпараттық жүйенің болмауы салдарынан 56 млн-ға жуық көрсетілген медициналық қызмет расталмай шыққан. Ал оның шығыны 28 млрд теңге.

Анықталған тағы бір дерек, Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыру кезінде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға құны 8 млн теңгеге дәрі-дәрмек ресімдеу жайттары белгілі болған.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және Тегін кепілдендірілген медициналық көмек есебінен медициналық қазметтер көрсетуге бөлінген қаражаттың 31 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған.

Фото: msqory_kz

Байланысты жаналықтар

Қонаевта Жаңа жыл безендіруіне байланысты аудит жүргізіледі

05.01.2025

Жоғары аудиторлық палата АШМ-да тиімсіз пайдаланған қаржыны арнықтады

11.12.2024

9 трлн теңге: Ұлттық ұланға қатысты аудит жүргізіліп жатыр

30.10.2024

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары жауапкершілікке тартылды

11.10.2024

Аудиторлық палата: Экология мен инновацияға аз қаржы бөлінеді

19.09.2024

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

04.09.2024
MalimBlocks
Қонаевта Жаңа жыл безендіруіне байланысты аудит жүргізіледі

Безендіруге 148 млн 528 мың теңге жұмсалған

Жоғары аудиторлық палата АШМ-да тиімсіз пайдаланған қаржыны арнықтады

9 трлн теңге: Ұлттық ұланға қатысты аудит жүргізіліп жатыр

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары жауапкершілікке тартылды

Аудиторлық палата: Экология мен инновацияға аз қаржы бөлінеді

Бұл мемлекеттік аудит қорытындысынан белгілі болды

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Бөгеттің бір бөлігіне жөндеу жүргізілмеген