Петропавлде 4 адам уланып қайтыс болды

Malim Админ

  • 12.02.2025

Петропавлда сірке қышқылы мен дәрі-дәрмекті көп мөлшерде пайдаланудан уланғандар саны артқан, деп хабарлады Malim сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай 11 оқиға тіркелді, төрт жағдайда адам өлімімен аяқталды. Ал былтыр уланған 79 адам ауруханаға түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, уланудың негізгі себептері — өзіне-өзі қол салу әрекеті және абайсызда ішіп қою.

– Дәрі-дәрмекті дозадан артық қабылдау тыныс алуды қиындатады, жүрек қағысын бұзып, адам комаға түсуі немесе өлім кетуі мүмкін. Ұйықтататын дәрілердің, антидепрессанттардың, ауырсынуды басатын дәрілердің және жүрек препараттарының көп дозасы әсіресе қауіпті. Егер уланғандығыңыз жайлы шамалы күдік болса да жедел жәрдем шақыру керек, – дейді аурухана дәрігерлері.

Сірке қышқылын ішу салдарынан ішкі ағзалар мен тыныс алу жолдары күйіп қалады. Зардап шеккен адам азап шегеді, қатты ауырсынып, дем ала және жұта алмайды. Бауыр, бүйрек және басқа мүшелер ауыр зақымданады. Ал 5-7 күннен кейін арты өлімге әкеледі немесе науқас асқынудың салдарымен күресіп, ұзақ уақыт ем қабылдауы қажет.

– Дәрі-дәрмектер мен сірке қышқылын қол жетпейтін жерде, өнімдерден бөлек жерде сақтаңыз, анық таңбасы болсын. Тағайындалған препараттардың дозасын асырмаңыз.

Тығырықтан шығар жол әрқашан бар екені есіңізде болсын. Егер қиналсаңыз, мәселе шешілмейтіндей көрінсе – жақын адамдарыңыздан, достарыңыздан немесе мамандардан көмек сұраңыз. Сіз жалғыз емессіз, – дейді мамандар.

Фото: aikyn.kz

Байланысты жаналықтар

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025

Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қыруар былығын жариялады

27.01.2025

Тойда уланғандар мейрамхана иесінен 6 млн теңге өтемақы талап етті

06.11.2024

Астанада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланып қалды

15.10.2024

Дәрігерлер шахтада уланған азаматтың жағдайы туралы айтты

07.10.2024
MalimBlocks
Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қыруар былығын жариялады

Қордың 56 млн-ға жуық көрсетілген медициналық қызметі расталмай шыққан

Тойда уланғандар мейрамхана иесінен 6 млн теңге өтемақы талап етті

Сәуір айында Екібастұзда тойға жиналған қонақтар астан уланып қалған болатын

Астанада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланып қалды

Түтіннен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

Дәрігерлер шахтада уланған азаматтың жағдайы туралы айтты